1 маусым – балалар мерекесі

01 маусым 2015

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай «Қазгермұнай» БК» ЖШС жыл сайынғы дәстүр бойынша балаларға мереке сыйлап, қамқорлығын көрсетті.
Осы күні облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен Серіктестік Қатысушысы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның қаржылық қолдауымен құрылысы аяқталған «Атамекен» жанұлық үлгідегі балалар аулының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Вэй Юйсян басқарған басшылары, сонымен бірге Қызылорда өңіріндегі ірі кәсіпорындардың өкілдері, оның ішінде «Қазгермұнай» БК» ЖШС басшылары қатысты.
Серіктестік балалар аулындағы «Байқоңыр» үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлығына алды. Мереке қарсаңында Әлеуметтік даму бөлімінің қызметкерлері Жас мамандар кеңесінің мүшелерімен бірігіп «Байқоңыр» уйінде тұратын сегіз баланы «Жібек Жолы» ОСО-на ертіп барып, балалардың таңдауы қалаған киімдерін сатып алып, сыйға тартты. Тиісті қаржы Серіктестіктің Кәсіподақ комитеті тарапынан бұлінген болатын. Сонымен бірге, Серіктесік балалардың тілегін орындап оларға ұялы телефондар және ең кішкентай тұрғыны 5 жасар Ерсұлтанға велосипед сыйлады. Бұл компания тарапынан баларға көрсетіліп жатқан алғашқы қамқорлық екендігін атап өту керек. Алдағы уақытта балалардың қатысуымен әртүрлі шаралар өткізілу жоспарлануда.
Одан бөлек, Жас мамандар кеңесі «Жібек Жолы» ОСО-нда мерекелік науқан ұйымдастырды: балаларға кинотеатрдан «Хранитель луны» мультфильмін тегін көруге мүмкіндік берілді, соңынан тәттілер мен балмұздақ таратылды. Қалаушылар көп болды, тиісінше – мереке балалар күлкісімен әсерлене түсті.




 
   

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою