Аксай кен орнын иске косу

12 желтоқсан 2014

12-ші желтоқсанда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Алибаев Нұржан Нұрмағамбетұлының, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Бас директоры Нұрсеитов Абат Ақмұқанұлының және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ өкілі Цин Хунвейдің қатысуымен Бас директор Кәрім Медет Сәпиұлы салтанатты жағдайда Ақсай кенорнын пайдалануға берді.
Осы жоба «Қазгермұнай» БК» ЖШС ғаламдық жобаларының біріне айналды. Ақсай құрылымы әлі 1980-жылдары анықталған еді, 2000 жылдан бастап 2006 жылға дейін кенорын сынамалық пайдалануға болған еді. 2007-2011 жылдары газ шоғырларын жете барлау бойынша жұмытар жүргізілген еді, бұл Ақсайдың атап айтқанда мұнай жиектерімен газ кенорны болып табылатынын нақтылауға мүмкіндік берді. 2012 – 2014 жылдары аралығы кезеңінде ұңғымаларды бұрғылаудан, көмірсутек шикзатты өндіру кезінде қажет әртүрлі цехтар мен қондырғыларды салудан, мұнай-газ кәсіпшілігін анықтайтын құбырлар мен инфрақұрылымның маңыздылығы аз болмайтын басқа нысандарын салудан тұратын кәсіпорын кенорнын жайластыру бойынша жұмысты жүргізген.
Мұнай қорлары бойынша Ақсай кен орнының Ақшабұлақ пен Нұралы кен орындарына қарағанда едәуір кіші екенін атап өту керек. Бірақ Ақсай газ кен орнына бай және оны игеру бойынша жобаны іске асыру жылына 550 млн. м3 деңгейінде компания бойынша газды өндіруді орнатуға және 2020 жылға дейін Қызылорда қаласын газбен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мезетте кенорнын жайластырудың 1-ші кезеңіне сай 5 ұңғыма пайдалануға берілген.
Ақсай кен орнын пайдалануға берудің арқасында, тіпті қазіргі жағдайларда мұнайға әлемдік баға түскенде, «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлер штатын 720 адамнан бастап 742 адамға дейін ұлғайта алды. Компанияның штат кестесі мен құрылымын қайта қарап, Ақсай кен орнында 27 адам жұмыс істейтіні туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, өндірістік персоналдың жалпы саны Астана мен Алматы қалаларының бас кеңсесі мен өкілдіктерінің 187 еңбеккеріне қарсы 555 адамды құрады.
 
 

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою