Қарттар мен мүгедектер үйіндегі және Балаларға арналған сауықтыру орталығындағы қайырымдылық акциясы

22 қараша 2016

Алдағы қысқы мейрамдар қарсаңындаҚГМжалпы типтегі қарттар мен мүгедектерге арналған Интернат-үйінің тұрушыларына, сондай-ақ психоневрологиялық аурулардың сан-алуан түрлерінен зардап шегетін 15-17 жас аралығындағы балалар тұратын Облыстық балаларға арналған сауықтыру орталығының тәрбиеленушілеріне азық-түлік жиынтықтарын (күріш, ұн, қант және т.б.) таратып беру бойынша қайырымдылық акциясын өткізді. ҚГМ компаниясынан балаларға сондай-ақ тәттілер және жазу мен сурет салуға арналған кеңсе керек-жарақтары табысталды, ал мекеме әкімшілігіне – компьютер табысталды.

Атап өтерлік жайт, орталықтың тәрбиеленушілері ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінде IIIорынды жеңіп алды. Бұл ретте, ҚГМосы фестивальға жергілікті балалардың қатысуына материалдық қолдау көрсетті.

Аталған мекемелерге сапары кезіндеҚГМ Басқарма АппаратыныңБасшысыУсалиевРүстемЖақсылықұлыӘлеуметтік даму бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, ғимараттардың жалпы жағдайымен және тұрғын бөлмелердің тұрмыстық жабдықталуымен танысып шықты және әкімшілікпен әрі қарай жәрдем көрсетудің қажеттілігін талқылады.
 

  

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою