Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы

14 желтоқсан 2016

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Ақшабұлак және Нұралы кен орындарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлауға арналған ішкі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылдыІс-шараларға ҚГМ Бас басқармасы кеңсесі мен кен орындарының жұмысшылары қатысты, кеңсе қызметкерлері мұнай кен орындарына жету үшін автокөлікпен (автобустар) қамтамасыз етілді.

 
Нұралы кен орнында концерттік-құттықтау бағдарламасы сағат 16:00-де спорт залында басталды. Компания басшылығы, кен орны әкімшілігі, ҚГМ ББ кеңсесінің қызметкерлері мен вахташыларымен қатаріс-шараға ҚГМ Басқарма мүшелерібас директор Жэнь Лисинь және бас директордың бірінші орынбасары М.С. Кәрім қатысты және олардың құттықтау сөздерінен бағдарлама басталып кетті.
 
ҚГМ ББ кеңсесінің қызметкерлері Ақшабұлақ кен орнына келгеннен кейін олар үшін вахталық кент пен мұнай дайындау және айдау цехына экскурсия ұйымдастырылдыКонцерттік-құттықтау бағдарламасы сағат 17:30-да спорт залында басталды. ҚГМ ББ кеңсесі мен кен орныны жұмысшыларымен қатаріс-шараға Басқарма мүшесі – бас директордың бірінші орынбасары Кәрім Медет Сәпиұлы қатысты.
 
Бағдарламаның басында М.С. Кәрім «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры К.О. Исказиевтің ҚГМ ұжымына ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай жіберген құттықтау хатын оқып берді. Онан соңбас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары А.К. Көшербаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін М.С. Кәрімге Қызылорда облысының әкімі К.Е. Көшербаевтың алғыс хатын табыстадыОдан кейін ҚГМ қызметкерлеріне «ҚГМ» ЖШС БК мен Серіктестік Қатысушылары: «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ мен«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-дансондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі мен Қызылорда Әкімдігінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттар салтанатты түрде табысталдыМұнай және газ өндіру департаментінің директоры– кен орны басшысы А.Ж. Досбаевқа ҚР ЭМ-нің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.
 
Бағдарламаның концерттік бөлігі қатысушыларды Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының өнерімен қуантты: Нұралы кен орнында Мәдина Садуақасовамен «Азия» тобы; Ақшабұлақ кен орнында НұрМұқасан мен «КешьYOU» тобы өнер көрсеттіӘртістердің мерекелік репертуары патриоттық әндерді, сондай-ақ ұлттық және халық әндерін қамтыды.
 
Бағдарламаның соңында ҚГМ-нің жас жұмысшылары «Иверия» және «Орда» би топтарының сүйемелдеуімен, «Қазақстаным» патриоттық әнінің сарынымен ҚР мемлекеттік байрағын көтеру бойынша бірлескен флеш-моб өткізді.
Концерттік-құттықтау бағдарламасы аяқталғаннан кейін екі кен орнында барлық шараға қатысушылар үшін мерекелік кешкі ас ұйымдастырылдыодан кейін ҚГМ ББ жұмыскерлері алдын- ала дайындалған автобустармен қалаға бағыт алды
 

    

  

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою