«Қазгермұнай» БК» ЖШС – «Үздік маман-2013» конкурсының жеңімпазы

28 тамыз 2013

«ҚазМұнайГаз» РД» АҚ ұйымдастыруымен «Қазгермұнай» БК» ЖШС компаниясының «Ақшабұлақ» кен орнының аумағында «Үздік маман-2013» кәсіби шеберлік конкурсы екінші рет өткізілді. Аталған байқауға мұнай саласындағы «ҚазМұнайГаз» РД» АҚ төрт командасы қатысты, олар: «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «ЭмбаМұнайГаз» АҚ және «Казгермунай» БК» ЖШС.

Қызылордаға Атырау және Маңғыстау облыстарындағы мұнай газ саласының жетекші кәсіпорындарынан 28 қатысушы келді. Конкурсқа барлығы 38 адам қатысып, он номинацияда бақтарын сынады.

Аталған конкурстың мақсаты – өнеркәсіп мамандарының еңбек уәждерін көтеру, озат жұмысшылардың тәжірибесін анықтау, талдап қорыту және тарату, кәсіби деңгейді және жұмысшылардың теориялық дайындығын көтеру, олардың шығармашылық белсенділігін дамыту, сонымен қатар, мұнайгаз саласындағы кәсіби жұмысшылардың озық әдістерін және еңбек амалдарын енгізу, өндірістің тиімділігін және беделін көтеру болды.

Конкурс екі кезеңмен өтеді: бірінші кезең – теориялық білімдерін анықтау. Конкурстың бірінші кезеңін өткізудің әдісі – компьютерлік тестілеу. Ол «Байқоңыр» бизнес-орталығында конкурстың қатысушыларын тіркеуден өткізіп, және оның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Екінші кезең – тікелей «Ақшабұлақ» кен орнында ұйымдастырылып, практикалық тапсырмалар орындалды. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша барлық он номинацияның жеңімпазы болып – «Қазгермұнай» ӘК» ЖШС қызметкерлері атанды, бұл аталған кәсіпорынның сөзсіз жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. Енді жеңімпаздардың есімдері:

Әбназаров Нұрбол Оспанұлы – мұнай шығару жөніндегі оператор

Ибрагимов Жандос Әбдімәлікұлы – тауарлық оператор

Девликамов Наиль Тагирұлы – қабаттық қысымды ұстау жөніндегі оператор

Метиков Павел Евгеньевич - КИПиА слесарі

Көлбаев Ерман Бақытұлы – Электр монтер

Погорелов Вячеслав Геннадьевич – НПО жөндеу жөніндегі слесарі

Қожамшукуров Оңғар - Төкір

Әубакиров Темірхан Әлмаханұлы – Газ электрмен дәнекерлеуші

Сереков Айдос Асқарұлы – мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор

Уәлиева Қарлығаш Айтбайқызы - химиялық талдау зертханашысы

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою