«Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас кеңсесінде Қызылорда облысы күрес Федерациясының жиналысы өткізілді

10 шілде 2015

2015 жылдың 10 шілдесінде «Қазгермұнай» БК ЖШС Бас кеңсесінде өңір спортының құрметті ардагерлері,спорт өкілдері мен жаттықтырушыларының  қатысуымен  «Қызылорда облысының греко-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының» (бұдан әрі – Федерация) мәжілісі болып өтті.

Өздеріңізге белгілі 2015 жылдың 25 маусымында Қызылорда қаласының бизнес орталықтарының бірінде Федерацияның конференциясы өткен. Конференцияға Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі Ұлттық Федерациясының өңірлік даму бойынша вице-президенті Оспанов Б.К.,осы федерацияның бас хатшысы Волохов А.И, ұйымдастыру бөлімінің басшысы Магай И., сонымен қатар  Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мұстафаев С.Ш. және өзге де спорттық ұйымдардың басшылары қатысты. 
Жиын қорытындысы бойынша жиынға қатысушы спорт майталмандары мен өңірлік спорт ұйымдары басшыларының бірауыздан қолдауымен федерацияның  төрағасы болып «Қазгермұнай» БК» ЖШС  Бас директорының бірінші орынбасары Кәрім М.С. сайланды.
Үстіміздегі жылдың 10 шілдесінде «Қазгермұнай» БК» ЖШС  өткізілген Федерация мәжілісіне «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары - Федерация  төрағасы Кәрім М.С.; Қызылорда облысының олимпиада резервтерін дайындау Орталығының директоры Жұмағұлов Д.Ж.; Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Оқыту – спорттық бөлімінің бас маманы Юн П.В., облысымыздың жаттықтырушылары мен құрметті спортшылары, сонымен қатар «Қазгермұнай» БК» ЖШС басшылары қатысты.
 
Мәжіліс барысында төмендегі мәселелер талқыланды:
 
- Федерация қызметін басқару, бақылаудың (үйлестіру) жалпы ұйымдастыру мәселелері;
- Федерация қызметінің басты жұмыс бағыттары мен даму мәселелері;
- Федерация қызметін ұйымдастырып жүргізуге қажетті жағдай тудыру және Қызылорда облысы аумағында тиісті спорт түрлерін дамыту мәселелері;
- Қызылорда облысы аумағында тиісті спорт түрлерін дамыту және тұрғындар  арасында (жастар) оларды насихаттау  бағыты бойынша Федерацияның алға қойған   мақсаттары мен міндеттері;
- Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен, Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресі Ұлттық Федерациясымен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және де басқа ұйымдармен өзара қармы қатынасы;
-  Федерацияның келесі мәжілісін өткізу уақыты, орны мен күн тәртібі.
 
Мәжіліс қорытындысымен жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша бірқатар шешімдір қабылданды. 
 

 

 

 

   
 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою