«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 2019-2021 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа қол қойылды

31 шілде 2019

Ақшабұлақ к/о-ның спорт залында «Қазгермұнай» БК» ЖШС Басқармасының 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша компанияның еңбек ұжымымен есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге Мұнай кәсіпшілігі қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар компанияның Бас басқармасының қызметкерлері, Алматы және Нұр-сұлтан қалаларындағы Серіктестік Өкілдіктерінің Басшылары, сондай-ақ кәсіпорын  ардагерлері – «Ардагер-Мұнайшы» қоғамдық қорының мүшелері қатысты.

Негізгі бағыттар бойынша компания қызметінің қорытындылары туралы: өндірістік және геологиялық блоктар, қаржы-экономикалық блок, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, адам ресурстарын басқару, әлеуметтік блок бойынша Бас директор М. К. Мұстафаев есеп берді. Ол кәсіпорында өткізілген Ақшабұлақ кен орнының ГДжТЦ, МДАЦ және Нұралы кен орнының МДҚ өндірістік персоналын аттестаттау қорытындыларына, сондай-ақ қалған цехтардың 292 қызметкерлерін алдағы аттестаттау тақырыбына ерекше назар аударды.

Есеп беру бөлімінен кейін кездесу 2019-2021 жылдарға арналған Ұжымдық шарт талаптарының тұсаукесерімен жалғасты, одан кейін оған қол қою Салтанатты рәсімі өтті. 2011 жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық «Парыз» байқауының «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды. Содан бері Серіктестіктің Ұжымдық шарты бірқатар оң өзгерістерге ұшырады. Қазіргі заманғы экономиканың барлық шақыруларына қарамастан, Қатысушылардың, Компания басқармасының және ҚГМ кәсіподақ комитеті өкілдерінің жалпы күш-жігерімен еңбек ұжымы мүшелері үшін барлық әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді сақтай алды.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС ұжымын 2019-2021 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа қол қою рәсімімен құттықтау және Басқарманың есептік кездесуіне қатысу үшін құрметті қонақтар келді: Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еламан Жолмырза Қайыпұлы, «ҚАЗМҰНАЙГАЗПРОФ» ҚБ төрағасының орынбасары Айдынов Талғат Хамидуллаұлы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару әдіснамасы және сараптама департаментінің директоры Әшірбекова Ботагөз Серікбайқызы және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары У Цзинпэн.

   

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою