«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» тақырыбында семинар-кеңесі өтті

            Он төртінші маусым күні «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас кеңсесінде Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның шешіміне сәйкес, «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» тақырыбында көшпелі семинар-кеңесі өтті.

            Семинарға: Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің өкілдері, «KAZENERGY» қауымдастығының өкілдері, Қызылорда облыстық индустриялық инновациялық даму басқармасының басшысы Р.К.Сұлтангереев,  Қызылорда облысы әкімдігінің еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысының орынбасары Т.Б.Шалбаева, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ әлеуметтік саясат және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Е. М. Рахимбергенов, «Мұнай-газ кешенінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Т.Х.Айдинов, «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Т.Қабдулов пен «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Петроқазақстан Құмкөл Ресосриз» АҚ, «ҚОР» ҰК АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, «СНПС Айдан-Мұнай» АҚ, «ҚуатАмлонМұнай» БК» ЖШС, «САУТС-ойл» ЖШС, «Құмкөл Транс Сервис» ЖШС, «Көлжан» ЖШС, «Kazpetrol Group» ЖШС, «Кристалл Менеджмент» АҚ мұнай компанияларының өкілдері қатысты.

            Кеңес барысында ҚР ЭМ жанындағы Әлеуметтік әріптестік пен мұнай-газ саласының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияны дамыту, 2020-2022 жылдарға арналған жаңа Салалық келісімді әзірлеу мәселелері талқыланды. Кеңеске қатысушыларға танысу үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясат, салалық кәсіподақтардың қызметі туралы презентациялық материалдар ұсынылды. Кеңес беру бөлімі Әлеуметтік әріптестік мәселелеріндегі кәсіподақтардың рөлін талқылаумен аяқталды.

            Одан әрі барлық жиналғандар Мұнай және газ өңдеу кәсіпорындарының қызметкерлері үшін ЕҚжЕҚ, ӨТМ және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту семинарына қатысты.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы
Бас директор
Тянь Кэцзянь
Бас директордың бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі

Сауал қою