Қазгермұнай» БК» ЖШС-де өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығулар өткізілді

09 қараша 2018

«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің АҚ және ТЖ қалыптастыру жеке құрамының дайындығын тексеру мақсатында, сондай-ақ «КӘАҚҚ» РМК ҚФ, «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС, «KMG-Security» и членами добровольного пожарного формирования ТОО «СП» ЖШС жедел топтарының және «Қазгермұнай» БК» ЖШС ұңғымаларында газдың, мұнай мен судың бөлінуін жою бойынша іс-шараларды орындау үшін басқа да аумақтық құрылымдар 2018 жылы 2 қараша күні «Ақшабұлақ» к/о оқу-жаттығу полигонының ұңғымасында кешенді оқу-жаттығулар өткізілді.

 

Ал 5 қараша күні Компанияның бас кеңсесінде «Клиника Интертич» ЖШС-нің медицина қызметкерлері мен арнайы техникасы, «Семсер - Өрт сөндіруші» ЖШС беймемлекеттік өрттен қорғау қызметі жұмысшылары, «KMG-Security» и членами добровольного пожарного формирования ТОО «СП» ЖШС күзет қызметі жұмысшылары және «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің ерікті өрт сөндіру құрамасы қатысуымен өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.

 

Барлық апаттан құтқару құрамалары оқу-жаттығуларды өткізу кезінде іс-әрекет реттілігінің жеткілікті деңгейін көрсетті. Жалпы жаттығулар жоспар бойынша және ескертусіз өтті. Оқу-жаттығулар кезінде өрттен қорғау қызметін шығару, қызметкерлерді көшіру, күйіп қалу кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәжірибе жүзінде іске асырылды. Сондай-ақ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлеріне өрт ошағына ұнтақ себу арқылы ұнтақты өрт сөндіргіштерді практикалық қолдану бойынша оқыту жүргізілді.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою