«Қазгермұнай» БК» ЖШС Еңбек күні мерекесіне қатысты

27 қыркүйек 2018

Еңбек күні мерекесі аясында «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен салалық ұйымдардан 9 команда қатысқан (білім, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қаржы құрылымы, мұнай саласы, коммуникация және байланыс, энергетика) спорттың 3 түрі бойынша спартакиада өткізілді. Спартакиада жүлдегерлері арасында «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлері бар, үстел теннисі бойынша бірінші орынды иеленген Ким Мэлс – ӘСжШҚД-нең 1-санаттағы маманы және Ким Марина – жетекші есеп айырысу бухгалтері.

27 қыркүйек күні Қызылорда облысының әкімі Көшербаев Қ.Е. қатысуымен Еңбек форумы өткізілді, «Үздік тәлімгер» номинациясымен «Қазгермұнай» БК» ЖШС ҚҚҰ цехының бастығы – Мырзалиев Сәлімжан марапатталды. Сәлімжан Шынтасұлы 1999 жылдан бастап компанияда жұмыс істейді, мұнай саласындағы жалпы жұмыс өтілі 31 жыл, Құмкөл кен орнының тұңғыш ашушылардың бірі, алғашқы мұнай өндірісіне қатысқан. 

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою