Қазгермұнай» БК ЖШС –гі Наурыз-мейрамы

28 наурыз 2018

«Қазгермұнай» БК ЖШС Наурыз мейрамын атап өтті. Компания басшылығы кеніш жұмысшыларын арнайы құттықтау үшін Нұралы, Ақсай және Ақшабұлақ кен орындарында барды. Компания ұжымына мерекелік бағдарлама дайындалды, оның ішінде классикалық және ұлттық музыка концерттері қойылып, сайыстар мен интеративтік ойындар ұйымдастырылды.  Шарада компанияның үздік қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның және «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ-ның Естелік белгілерімен, құрмет граммоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

22 наурыз күні Серіктестік Қаланың орталық алаңында өткізілген көпшілік шараға қатысты,  «Қазгермұнай» БК ЖШС алаңда киіз үйін тігіп, үш жүз адамға арналған қайырымдылық дастархан жайды.

Наурыз мейрамы аясында жасалған қайырымдылық іс-шаралардың бірі -  Компанияның әлуметтік даму және шаруашылық қамту Департаменті қызметкерлерінің  жанұялық үлгідегі «Атамекен» Балалар ауылындағы өздері демеушілік көрсететін «Байқоңыр» үйіне келуі болды. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қазақстанда жасалған спорттық киімдер, тәттілер мен тұрмыстық техникалар: шаңсорғыш, ет тартқыш және үтік сыйға тартылды. 

 

    

    

 

    

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою