«Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнайшылар күні

08 қыркүйек 2017

  Үстіміздегі жылдың 8 қыркүйегінде «Қазгермұнай» БК»  ЖШС  мұнай - газ кешені қызметкерлері күні мерекесін атап өтті. Компания басшылары Бас директор Жэнь Лисинь және Бас директордың бірінші орынбасары Есен Қайржан Нұралы, Ақсай және Ақшабұлақ кен орындарында болып мұнайшыларды мерекелерімен құттықтады. Іс-шараға Серіктестіктің бас кеңсе қызметкерлері мен «ҚГМ» БК ЖШС кен орнына «Ардагер –Мұнайшы» ҚҚ төрайымы Р.Қалжанованың басшылығымен келген Серіктестіктің ардагерлері қатысты.

  Іс-шараға қатысушыларға жергілікті әртістер, қазақстан эстрадасының жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа мен ВИА «Сұлтан» тобының концерттік бағдарламасы          ұсынылды. Сонымен бірге көптеген интерактивтік сайыстар мен флэшмобтар ұйымдастырылды.
 
 Мерекелік шараның басты оқиғасы үздік қызметкерлерді Мұнай-газ Министрлігі, «Самұрық-Қазына» ӘАҚ АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, Қызылорда облысы әкімдігі, Серіктестік Қатысушылары: «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапаттау болды.
 
  
 
  
 
  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою