«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің еңбек қорғау және экологиялық жауапкершілік саласындағы жұмысының жоғары нәтижесі

05 маусым 2018

  Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Президенті мен Басқарма Төрағасының төрағалығымен, «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жетекші көшбасшылық» тақырыбында ҚМГ ҰК компаниялар тобы (еншілес мекемелері) бас директорларының IV Форумы өтті.

  «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не еңбек қорғау саласындағы жұмыста жоғары нәтижеге қол жеткізуге баса назар аударғаны және үлес қосқаны үшін еңбек қорғау саласында жоғары жетістіктері үшін сертификат (II орын), сондай-ақ ҚМГ ҰК еншілес мекемелері арасында экологиялық жауапкершіліктің жоғары рейтингін тану белгісі ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғары жетістіктері үшін сертификат тапсырылды.

  Серіктестік еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, өндірістік қызмет кезінде еңбек қорғау және қоршаған ортаға ерекше назар аударады. ҚТжЕҚ басқару жүйесі OHSAS 18001:2007 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталған.

  Серіктестіктің табиғат қорғау қызметі табиғи ортаға техногендік әсердің әсерін мейлінше азайтуға бағытталған. Бұл бекітілген  экологиялық талаптарды сақтау, зиянды заттар шығарындыларын азайту, табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану, қалдықтарды басқару жүйесін тиімді басқару және т.б. арқылы жүзеге асырылады.  

  

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою