«Қазгермұнай» БК» ЖШС-не ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі келді

05 қыркүйек 2013

 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамар Дүйсенова Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас кеңсесіне келіп, компания Басқармасымен және еңбек ұжымының мүшелерімен кездесті.

Кездесудің күн тәртібінде міндетті кәсіби зейнеткерлік төлемді енгізу жөніндегі Елбасының тапсырмасы болды. Т.К.Дүйсенова түсіндіру баяндамасын жасап, серіктестік қызметкерлерінің бірқатар сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, жиналғандардың назарына «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас директоры М.С.Кәрімнің әзірлеген тұсаукесері ұсынылды. Тұсаукесерде компания қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, Қызылорда өңірін дамытуда көрсетілген қайырымдылық шаралары және демеушлілік көмектер жайындағы мәселелері айтылды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою