«Қазгермұнай» БК» ЖШС-не ҚР Денсаулық сақтау министрі келді

28 маусым 2017

            ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртаңов өзінің Қызылорда облысына келген жұмыс сапары аясында «Казгермұнай» БК» ЖШС Бас кеңсесінде болды. Министр компания Басқармасымен және еңбек ұжымымен, сондай-ақ қаланың ірі және орта бизнес-құрылымдары өкілдерімен кездесу өткізді.

            Кездесудің мақсаты – ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап енгізіле бастайтын Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды. Өздеріңізге белгілі, бұл жүйе мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген. Міне сондықтан да бұл іс-шара өзекті және уақытылы болып отыр, себебі осы бағдарламаға қатысатын үш жақтың да өкілдері  қатысты. Өз сөзінде Біртаңов Елжан Амантайұлы енгізіліп жатқан МӘМС жүйесінің негізгі артықшылықтарын атап өтті, сондай-ақ ең көп қойылатын өзекті сұрақтарға жауап берді. 
 
  Ақшабұлақ кен орнындағы вахталық поселкенің басшысы Досманбетов Қайберген:

- Стоматологиялық клиникалардың қызметі МӘМС жүйесіне кіре ма?
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Біртаңов:
 
       - Жоқ. Қажеттілік туындағын жағдайда жеке стоматологиялық клиникаларға жолығуыңыз қажет.
 
Аталған кездесудің екінші рет өткізіліп отырғандығын атап өтуіміз қажет. Бұның алдында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова «Қазгермұнай» БК» ЖШС ұжымымен кездесу өткізген болатын.
 
  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою