«Қазгермұнай БК» ЖШС
«Парыз» сыйлығының
ГРАН-ПРИ жүлдегері

«Қазгермұнай» БК ЖШС «Парыз» бас жүлдесінің иегері.

«Қазгермұнай» БК ЖШС «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын» номинация бойынша «Парыз» бәйгесінің Бас жүлде иегері. Осы жылы болып өткен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз» байқауы алтыншы рет өткізіліп отыр. Аталған байқау Мемлекет басшысымен жарияланған. Байқаудың мақсаты — жеке кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру. Байқау бірнеше номинациядан тұрады. Байқаудың үш номинациясы бойынша «Қазгермұнай» БК ЖШС бұған дейін де лауреат атанған. 2010 жылы «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын» номинациясы бойынша үшінші жүлде, 2011 жылы «Үздік ұжымдық шарт» номинациясымен бірінші жүлдені жеңіп алып, 2012 жылы «Экологияға қосқан үлесі» номинациясы бойынша Алтын парызға ие болды. «Қазгермұнай» БК ЖШС - Қызылорда өңіріндегі осындай жүлдеге ие болған алғашқы компания.Марапатты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев компанияның Бас директоры Медер Сәпиұлы Кәрімге өз қолымен табыстады.  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Жэнь Лисинь
Бас директор
Қайржан Есен
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою