«Қазгермұнай» БК» ЖШС Президент Жолдауын қолдауда

17 қаңтар 2014

«Қазгермұнай» БК» ЖШС Ақшабұлақ кен орнында компанияның бас директоры Медет Сапиевич Кәрім мен геология бойынша бас директордың орынбасары Ахсангали Жумабаевич Баймбетовпен өндірістік ұжым Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Халыққа жолдауы тыңдалды.
Кәсіпорынның ұжымы өзінің белсенді әлеуметтік ұстанымен ерекшеленетін, ал «Қазгермұнай» БК» ЖШС көптеген жылдар бойы Қызылорда аймағында жетекші кәсіпорын болып келуде. Сондықтан компания және оның қызметкерлері елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік бағыты аталатын стратегиялық құжатты жариялаудан қалыс қалмауы керек. Барлық қатысушылар ерекше назармен Жолдауды тыңдап шықты. Ұжымның алдында компанияның бас директоры Кәрім М.С. сөз сөйледі, ол құжаттың маңыздылығын атап өтті. «Біз, Қызылорда аймағының мұнайшылары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткен бағыт-бағдарларды ары қарай қолдаудамыз және осы мақсаттарға жету үшін барлық күшімізді саламыз! – деп айтты М. С. Кәрім. Жолдау қарапайым қызметкерлерден де қолдау тапты. ЦППН операторы Ажибаев Салимжан өз пікірімен бөлісті: «Біздің компаниямыздың ұжымы басқа миллиондаған қазақстандықтар сияқты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауын ерекше назармен тыңдап шықты. Біз жұмыс класы Еліміздің жетістіктеріне қуаныштымыз және мақтан тұтамыз және оның алдындағы жауапкершілікті сезінеміз. Президентті тыңдай отырып, біздің әрқайсымымыз Қазақстанның дамуына үлес қосуымыз керектігін түсіндік. Осындай Елбасымен біз міндетті түрде аталған мақсаттарға жетеміз!»

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою