«Қазгермұнай» БК» ЖШС құрылғанына 25 жыл толуын атап өтті

20 қыркүйек 2018

14 қыркүйек күні Серіктестіктің Бас ғимаратында «Қазгермұнай» БК» ЖШС құрылғанына 25 жыл толуымен ұштастырылған компания қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті. ҚГМ қызметкерлері Мұнай және газ министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Kazenergy» ассоциациясы, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, Қызылорда облыстық әкімшілігі  медальдарымен, ескерткіш таңбаларымен, құрмет мадақтамаларымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Компанияның 25-жылдығы қарсаңында кен орын, кеңсе және Серіктестік өкілдігінен 56 қызметкер белгіленді. Қазіргі кезде «ҚГМ» БК» ЖШС штатында барлығы 756 адам бар.

Ұжымға құттықтау сөзімен Компания басшылығы атынан Бас директор Қайржан Есен Қайржанович және бас директордың бірінші орынбасары Тянь Кэцзянь шықты. Олар компанияның барлық жетістіктері серіктестік еңбек ұжымы мүшелерінің жоғары кәсіпқойлық, тәртіпке салынған жұмысы мен ісіне берілгендік қасиеттерінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін «Қазгермұнай» БК» ЖШС еңбек ұжымы үшін мерекелік банкет өткізілді.

 

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою