«Қазгермұнай» БК ЖШС Салалық сайыстың жеңімпазы.

20 ақпан 2019

2019 жылдың 20 ақпанында Астана қаласында «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі Орталық Кеңесі Пленумының отырысы болып өтті. Отырыс барысында өндіріс озаттарын және «Мұнай-газ өндірісінің озаты-2018» салалық сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы кәсіптік одағы Федерациясының басшылығы, Еңбек ерлері, "Еңбек Ері» орденінің иегерлері - мұнайшылар және мұнай-газ кешенінің құрметті ардагерлері қатысты.

 

«Мұнай-газ өндірісінің озаты-2018» салалық сайысында «Қазгермұнай» БК ЖШС Ақшабұлақ кен орнының МГӨД мұнай-газ өндіру операторы Аяпов Бахытжан «Үздік мұнай-газ өндіру операторы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

 

Аяпов Бахытжан компанияда 2007 жылдың шілде айынан бастапмұнай-газ өндіру операторы болып қызмет атқарады. 2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті жанындағы Колледжді «Мұнай және газ өндіру» мамандығы, ал 2010 жылы «Болашақ» университетін «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Ұжымдасымызды шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз және мақтан тұтамыз!

    

       

       

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою