«Қазгермұнайлықтар» ҚР Президентінің Жолдауын қолдайды

30 қараша 2015

 Бүгін 2015 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ұсынды.

 
ҚГМ бас кеңсесінде компания басшылығының қатысуымен Жолдаудың бейнетрансляциясын ұйымдастырылды. Тікелей эфир кен орындарының әкімшілік және тұрғын ғимараттарында орналасқан әлеуметтік-ақпараттық мониторларынан көрсетілді. Ұжым мүшелерімен Жолдаудың басым бағыттары, Қазақстанның ағымдағы даму қарқыны, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай және, сонымен қатар, ұлттың қысқа және ұзақ мерзімдегі одан әрі даму жоспарларын қоса алғанда маңызды сұрақтары тыңдалды.
 
«Қазгермұнай» БК» ЖШС Қызылорда облысының алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының бірі болып табылады, ол тек қана аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына ғана емес, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының жалпы экономикалық өсуіне және әл-ауқатының артуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Кәсіпорын өндірістік жоспарларын, қаржы-экономикалық, ішкі және сыртқы әлеуметтік саясатты ұлттық дамудың басты бағыттары мен міндеттеріне, соның ішінде Қазақстан халқына жолданған Елбасы Жолдауында айтылған қағидалар мен мақсаттарға сәйкес жүзеге асырып келеді.
 
Осылайша, «Қазгермұнай» БК ЖШС ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына бүгінгі жолдаған Жолдауында атап өтілген барлық міндеттер мен мақсаттарды толығымен қолдайды.

   

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою