ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасының Қызылорда облысына жұмыс сапары

Үстіміздегі жылдың он үшінші жұлдызында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Айдарбаев Алик Серікұлы бастаған компания басшылары жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды.Сонымен бірге, делегация құрамына «ҚМГаз» ҰК АҚ сатып алу және қамту бойынша басқарушы директор Қайржан Е. К., «ҚМГ» ҰК АҚ газ тасымалдау және сақтау бойынша басқарушы директор Сердиев И.Д., «ҚМГ» ҰК АҚ геология және барлау бойынша басқарушы директор – бас геолог Қонысов Н. К., «ҚМГ» ҰК АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі методология және сараптама департаментінің директоры Әшірбекова Б. С. болды.

Делегация ең бірінші «Қазгермунай» БК ЖШС бас кеңсесінде болып, Серіктестік басшыларының қатысуымен болған жиналысқа қатысты. Жиналыста «Қазгермунай» БК ЖШС бас директоры Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлының Серіктестіктің 2018 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің есебі және 2019 жылға жоспарлары бойынша хабарламасы жасалды және компанияның ресурстық қорын ұлғайту жөніндегі мәселе талқыланды.

Содан кейін, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылары Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қатысуымен болған өңірдегі мұнай компаниялары басшыларының отырысына қатысты. Отырыста игерілген кеніштердің табиғи сарқылуы жағдайында Қызылорда өңірінің мұнай-газ секторын дамыту мәселесіне аса мән берілді.

Отырыстан соң «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының төрағасы Айдарбаев А. С. Қызылорда облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевпен бірге Сырдария ауданына барып, Тереңөзек кентінің ардагерлерімен кездесті.Кездесуден соң қонақтар Қызылорда қаласындағы сол жағалауды дамыту жоспарларымен таныстырылды.

Іс-сапар соңында «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ бас кеңсесінде болып, компанияның 2018 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің есебі және 2019 жылға жоспарлары бойынша есебін тыңдады.

 

      

         

     

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Мұстафаев Мұрат Кеңесбайұлы
Бас директор
Тянь Кэцзянь
Бас директордың бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі

Сауал қою