«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының спартакиадасы

07 қыркүйек 2016

Еншілес ұйымдары қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа баулу және олардың арасында байланыстар орнату мақсатында, «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай және ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орай ҚМГ ҰК деңгейінде екі кезеңдік Спартакиада өткізу туралы шешім қабылдады.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап шілде айына дейін ҚМГ ҰК еншілес компанияларында құралған 10 топтың арасында Спартакиаданың алғашқы іріктеме кезеңі өтті. Оған жұмыскерлерінің жалпы саны 2 500 қызметкерді құрайтын барлау-өндіру, мұнай тасымалдау және газ маркетингі, мұнай өңдеу және мұнай маркетингі, мұнай сервисі, бұрғылау және сервистік жобалар бизнес-бағыттары бойынша ҚМГ ҰК-ның шамамен 50 ұйымы қатысты. «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлері жарыстарға «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құрамында қатысты.
 
Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен бастап 7 қыркүйегіне дейін Астана қаласының 5 спорт кешенінде Спартакиаданың ақтық кезеңінің жарыстары өтті, оның ашылу салтанаты «Тарлан Арена» СК-де болып өтті. Жарыстар 9 спорт түрінен болды, олардың арасында: шағын футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы және тоғыз-құмалақ, бильярд, үстел теннисі, жүгіру және аралас эстафета бар. Спорт алаңдарына ҚМГ ҰК компаниялар тобының 30 ұйымынан 500 қатысушы шықты.
 
«Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлері келесі марапаттарға ие болды:
 
Аты-жөні
Спорт түрі
Орын
Лауазымы
1
Абдирахманова Б.
Тоғызқұмалақ
I
МГӨДқоймашысы
2
Тойболов К.
Тоғызқұмалақ
II
Ақшабұлак к/оэлектромонтері
3
Абдирахманов Н.
Баскетбол
II
Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары
4
Ким В.
Баскетбол
II
Ақшабұлак к/о электромонтері
5
Ким А.
Баскетбол
II
ДГР әзірлеу бөлімінің бастығы
6
Ельденбаев Р.
Баскетбол
II
Компрессорлық қондырғылар машинисті
7
Гибадтинов Р.
Баскетбол
II
МГӨ бойыншаоператор
8
Бекенов А.
Ш/футбол
III
МГӨ бойыншаоператор
9
Дайрабаев Н.
Ш/футбол
III
МГӨ бойыншаоператор
10
Батпанов Е.
Ш/футбол
III
МДАО операторы
11
Мелихова Е.
Волейбол
III
ҚД Қазынашылық бөлімінің
1-санатты маманы
12
Тыныбекова Н.
Волейбол
III
Химиялық талдау зертханашысы
13
Кальтиева Л.
Волейбол
III
ОСР 1-санатты маманы
14
Келимбетова А.
Волейбол
III
1-санатты гидрогеолог
 
Спартакиада бәсекелік және татулық жағдайында өтті. Жарыстардың жабылуы және олардың қатысушыларын марапаттау салтанатты жағдайда өтті. Жарыстардың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдармен дипломдар табысталды. Рәсім аяқталғаннан кейін қатысушылар мен жанкүйерлерді тағы бір жақсы жаңалық күтіп тұрды – енді спартакиада жыл сайын өткізілетін болады.
 
Спартакиаданың нәтижелерімен төмендегі қорытынды кесте бойынша таныса аласыз.
 
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы Спартакиадасының
ҚОРЫТЫНДЫ КЕСТЕСІ
 
Спорт түрлері
Мини-футбол
Баскетбол
Волейбол
Тоғыз құмалақ
Дойбы
Шахмат
Эстафета
Үстел теннисі
Бильярд
Орын
 
 
ер
әйел
ер
әйел
ер
әйел
ер
әйел
 
ер
әйел
 
1
ҚТО
АМӨЗ
ҚТО
ҚМГӨ
АМӨЗ
ҚМГ БӨ
ҚМГӨ
АМӨЗ
ҚТО
ҚМГ
ҚМГӨ
ҚМГӨ
ҚТО
ӨМГ
2
АМӨЗ
ҚМГ БӨ
ҚМГӨ
ӨМГ
ҚМГ БӨ
ҚМГӨ
ӨМГ
ӨМГ
ҚМГӨ
ҚМГӨ
ҚТО
ӨМГ
ӨМГ
АМС
3
ҚМГ БӨ
ӨМГ
ҚБМ
ҚМГ БӨ
ӨМГ
ҚазГӨЗ
OSC
ҚТО
ӨМГ
ҚТО
ӨМГ
ҚТО
ҚМГӨ
ҚТМ
4
OSC
ҚБМ
ӨМГ
ҚТО
ҚМГ DS
ҚТО
ҚМГ DS
ҚМГ БӨ
КТГ
ҚМГ БӨ
ҚМГ БӨ
ҚМГ БӨ
ҚМГ БӨ
ҚТО
 
ҚМГ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ
ҚМГ БӨ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ
ӨМГ – «ӨзенМұнайГаз» АҚ
ҚБМ – «Қаражанбасмұнай» АҚ
ҚТО – АО «ҚазТрансОйл» АҚ
ҚМГӨ – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ
АМӨЗ – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС
ҚазГӨЗ – «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС
OSC –«Oil Services Company» ЖШС
ҚТМ – «Қазақтүрікмұнай» ЖШС
АМС – «АқтауМұнайСервис» ЖШС
 
  
 
  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою