«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Спартакиадасының I-тобының іріктеу жарыстары

11 шілде 2018

Ү.ж. 10-11 шілде аралығында Қызылорда қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Спартакиадасының I-тобының іріктеу жарыстары өткізілді. ҚМГ Спартакиадасы дәстүрлі түрде жыл сайын ҚМГ компаниялар тобы арасында өткізіледі. Жарыстарға ұлттық компания қатысатын өңірлерден ҚМГ еншілес және тәуелді компаниялары өкілдері қатысады. Екі жыл бойы іріктеу жарыстары ЕТМ топтары бойынша, ақтық кезең – жеңімпаздар «Самрұқ-Қазына» АҚ компаниялар тобы ақтық жарыстарында ҚМГ-ны таныстыратындай ҚМГ деңгейінде өткізіліп келеді.

I-топқа ҚМГ-ның келесі ЕТМ-і кіреді: «ЕмбіМұнайГаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «ТКБжҰҚК» ЖШС, сондай-ақ «Argymak TransService» ЖШС және «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС. Жарыстар «Мұз айдыны», «Евразия» және «Сейхун» спорт кешендері базасында спорттың келесі түрлері бойынша өткізілді: шағын-футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу, армрестлинг, шахмат және тоғыз-құмалақ.

Жарыс қорытындысы бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС спортшылары спорт түрлері бойынша келесі орындарды иеленді:

  • Шағын-футбол – III орын
  • Баскетбол – I орын
  • Волейбол – I орын
  • Үстел теннисі (ер) – I орын
  • Үстел теннисі (әйел) – I орын
  • Жүзу (ер) – I орын
  • Жүзу (әйел) – I орын
  • Армрестлинг (ер 80 кг-ға дейін) – I орын
  • Армрестлинг (ер 80+ кг) – II орын
  • Армрестлинг (әйел 65 кг-ға дейін) – II орын
  • Армрестлинг (әйел 65+ кг) – I орын
  • Шахмат (ер) – II орын
  • Шахмат (әйел) – II орын
  • Тоғыз-құмалақ (ер) – I орын
  • Тоғыз-құмалақ (әйел) – I орын

Жеңімпаздар 11 шілде күні «Grand Plaza» мейрамханасында салтанатты кешкі ас кезінде марапатталды. Жеңімпаздар ү.ж. 24-25 тамыз аралығында Астана қаласында өткізілетін ҚМГ Спартакиадасының ақтық кезеңінде I-топты таныстыратын болады. 

  

  

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою