Достық пен дамудың 20 жылдығы

11 қазан 2013

«Қазгермұнай» БК» ЖШС өзінің 20 жылдығын атап өтті. Мерейтойға орай Серіктестікпен салтанатты іс-шаралар қатары ұйымдастырылды.
11 қазан күні ҚР Мұнай және газ министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «KAZENERGY» ассоциациясының, Қызылорда облысы әкімінің және Серіктестік қатысушылары «ҚазМұнайГаз» РД» АҚ, «ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ марапаттау қағаздарымен, белгілерімен компанияның қызметкерлері марапатталды. Іс-шараға Облыстың әкімі Крымбек Елеуович Кушербаев, барлық ведомстволардың өкілдері, Қазақстанның барлық аймақтарынан (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе) қонақтар қатысты. Барлығы «Қазгермұнай» БК» ЖШС 207 қызметкерлері марапатталды. Барлық компания штаты 720 адамнан тұрады. Мерекенің жүргізушілері: Сагнай Абдуллин және Майя Веронская. Жиналғандар үшін Нұржамал Үсенбаева, Жәмиля Серкебаева, Ескендір Хасангалиев өз өнерлерін көрсетті.
Нартай Бекежанов атындағы Облыстық Қазақ музыкалық-драмалық театрда өткен мекереден кейін қаланың тұрғындары мен қонақтары үшін орталық алаңда тегін концерт ұйымдастырылды. «Қазгермұнай» БК» ЖШС мерейтойы Қызылорданың 195-жылдығымен сәйкес келгендіктен, концерт екі мерейтойға арналды.
Қаланың әкімі Нурлыбек Машбекович Налибаев және «Қазгермұнай» БК» ЖШС басқармасының директоры Кәрім Медет Сапиевич және бас директордың бірінші орынбасары Юй Чжицин сөз сөйледі. Концерттік бағдарламаға «Орда» тобы, «Алдаспан» тобы, Нұржамал Үсенбаева, Ескендір Хасангалиев, Мадина Сәдуақасова, Жеңіс Ысқакова, Жеңіс Сейдулла, «Горячий шоколад» (Украина) тобы және «Дискотека АВАРИЯ» (Ресей) тобы қатысты. Мереке орасан зор салютпен аяқталды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою