«Эмбамұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік сала қызметкерлерінің тәжірибе алмасуы

09 ақпан 2017

  «Эмбамұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік, әкімшілік- шаруашылық қызметтерінің және МГҚБ бөлімшелерінің өкілдері тәжірибе алмасу мақсатында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не келді. Компания басшылығымен өткен кездесуден соң ЭМГ әлеуметтік саясат департаментінің директоры Қуандық Мәдениетұлы Қалидуллин басқарған делегация мен делегацияның 10 өкілі әлеуметтік даму бөлімі қызметкерлерімен бірге кен орындарындағы әлеуметтік, оның ішінде тұрмыстық, әкімшілік және басқа да нысандармен танысу мақсатында Ақшабұлақ және Нұралы кен орындарына бет алды. Вахталық поселкеде қонақтарға тұрғын жай, асхана, спорттық және техникалық ғимараттар, сонымен бірге вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлердің қажеттілігіне пайдаланылатын басқа да нысандар көрсетілді.

 
  Сонымен қатар, ЭМГ қызметкерлеріне тікелей өндіріс басында қызмет атқаратын жауапты қызметкерлердің және қызмет ұсынушы жұмысшылардың жұмысы көрсетіліп, сондай ақ компанияның ішкі және сыртқы әлеуметтік қызметінің басты аспектілері, осы бағыттағы басты көрсеткіштер динамикасы мен келешектегі даму жоспарлары жөніндегі мәліметтер ұсынылды.
 
  ЭМГ өкілдері жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық қамтылуының және жұмыс орындары мен тұрғын-жайлардың әкімшілік-шаруашылық жабдықталуының жоғары деңгейде екендігін атап көрсетті.
 

   

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою