ҚГМ Бас кеңсесіндегі Наурыз мерекесі және Қызылорда облысы әкімшілігі басшылары мен ҚГМ Қатысушыларымен өткізілген ресми шара

16 наурыз 2016

 «Қазгермұнай» БК ЖШС келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтайды!

ҚГМ БК аумағында ұлттық киіз үйлер мен шатырлар тігіліп, мерекелік ас-мәзірімен мол дастархан жайылып, наурыз мерекесінің басты тағамы –Наурыз көже дайындалды. Бас кеңсенің құрылымдық бөлімдерінің арасында ұлттық спорт сайыстары өткізіліп, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік шараға қатысуға «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиев мен «ПетроҚазахстан Кұмкөл Ресорсиз» АҚ Басқарма төрағасы Цинь Хуньвэй бастаған Серіктестік Қатысушыларының өкілдері арнайы келді. «Бастау» бизнес-орталығында өткен салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев қатысты.

Іс-шара барысында Қызылорда облысы әкімдігі басшылығы мен ҚГМ Қатысушылары компания ұжымын құттықтап, көктем мерекесіне арналған естелік сыйлықтарын табыс етті. Мерекелік шара жергілікті және қазақстан эстрадасы жұлдыздарының концертіне ұласты.
Наурыз мерекесі құтты болсын!

    

 

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою