Халықаралық әйелдер күні

08 наурыз 2017

  Халықаралық әйелдер күні қарсаңында таңертең компания кеңсесінде ұжымдағы нәзік жандылар үшін арнайы ұйымдастырылған мерекелік іс-шара болып өтті. Ол дәстүрлі түрде Басқарма мүшелерінің: бас директордың міндетін уақытша атқарушы Цюй Цзицин мен бас директордың бірінші орынбасары Кәрім Медет Сапиұлының мерекелік құттықтау сөздері мен ыстық лебіздерінен басталды. Өз сөзінде екі басшы да компанияда қызмет ететін әйелдерге жемісті еңбегі мен жұмысқа шынайы берілгендіктері үшін алғыс білдірді және оларға бүкіл жақсылықтар, мансаптық жетістіктер мен жеке амандық тілеп, барлық бастамаларында сәттілікке қол жеткізуге тілектестіктерін білдірді.

  Одан кейін контроллинг және жоспарлау департаментінің жоспарлау және талдау бөлімінің жетекші экономисті Нұржан Күлшебаевтың орындауында Н.А. Тілендиевтің «Әлқисса» күйі орындалды. Сондай-ақ, компания қызметкерінің немересі Димаш Әмірбек әйелдердің барлығына ана мейірімі мен махаббаты туралы ән арнады. Іс-шараның соңында үнді әнінің сарынымен жергілікті «Думан» би тобының хареографиялық өнері ұсынылды.
 
Құрметті ханымдар!

Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Көгілдір көктем мерекесі жүректеріңізге нұр, жүздеріңізге шуақ, шаңырақтарыңызға бақыт-береке сыйласын.
 
«Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген даналық сөз, адамзаттың анасы, тіршіліктің бастауы, отбасының өзегі, сұлулық пен әсемдіктің символы, шаңырақтың шамшырағы осындай нәзік жан иелеріне арналған. Сіздер Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің, ұйытқысы да өздеріңіз.


Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасылыраңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден жылу кетпесін!

  

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою