Илья Ильин «Қазгермұнай» ЖШС БК-да қонақта

21 қараша 2014

Үстіміздегі жылдың 18 қарашасында «Қазгермұнай» ЖШС БК бас кеңсесінде ұжым қызметкерлері 2 дүркін Олимпиялық чемпион және 4 дүркін Әлем чемпионы Илья Ильинмен кездесті.
Спортшыны Серіктестіктің қызметкерлері мен басшылары қарсы алды. Илья Ильинге, жұбайына және оның ата-анасына Компания атынан естелік сыйлықтар табыс етілді. Чемпионға жеткен жетістігі үшін шапан жабылып, ноутбук сыйға тартылды. Сонымен қатар, өңір басшысының чемпионды құттықтауы мен марапаттауы шеңберінде компания арқылы 7 000 000 теңге қаржы бөлінді.
««Қазгермұнай» ЖШС БК ұжымының атынан Сізді шын көңілмен құттықтауға рұқсат етіңіз. Сізге және Қазақстан халқына орасан зор жетістік әкелген еңбекқорлық, табандылық пен таланттылығыңызға таң қалып, мақтан тұтамыз!»-, деді өз сөзінде компанияның Бас директоры Медет Сәпиұлы Кәрім.
Сонымен қатар, компанияның Басқармасы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазгермұнай» ЖШС БК спортшының Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХI жазғы Олимпиялық ойындарына қатысуға дайындалуына бас демеушісі болатындығын атап өтті.
Серіктестік ұжымымен кездесу шеңберінде Илья Ильин ҚГМ Жас мамандар Кеңесінің қатарына алынды. Кеңес төрағасы Әбжанов Нариман спортшыға Кеңес мүшесінің корпоративтік төсбелгісін, төлқұжаты мен
куәлігін табыс етті.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою