Әкем, анам және мен – спорттық отбасы

01 маусым 2017

         Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Еуразия» СК-нде КГМ «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» дәстүрлі эстафетасын өткізген болатын. Шарада қызметкерлер және олардың отбасылары, оларды ішінде 10 жасқа дейінгі балалар да қатысты, сонымен қатар осы жылы «Атамекен» отбасылық түріндегі балалар ауылының «Байқоңыр» үйінің тәрбиеленушілері қатысты.

         Бас директор Жэнь Лисинь және әлеуметтік саясат департаменті директоры Усалиева Р.Ж. құттықтау сөздерін айтқаннан кейін, қатысушы командалар бірнеше кезеңдерден тұратын жарыстарға кірісті. Олардың ішінде фтубол және баскетбол доптарын алып жүру, кедергілер алабы, дартс, қанат тарту және т.б. болды. Компания қызметкерлері мен мүшелері жарыстардың жанкүйерлері болып өз әріптестерін және туыстарын күткен жеңіске жету жолында қолдап отырды.
 
         Эстафета қорытындылары бойынша барлық командарларға әр отбасы мүшесі үшін толық спортттық киім-кешек түрінде бағалы жүлделер тапсырылған болатын. Қуанышқа толған мереке қалыбында балалар сыйлықтарға қуанып, ал олардың ата-аналары КГМ басшылығына жеткізген мерекелік көңіл-күй үшін алғыстарын айтып отырды.

         Спортттық шара аяқталған соң КГМ жас мамандары «Атамекен» бабалар ауылының тәрбиеленушілерін «Регистан» мейрамханасында арнайы солар үшін жайылған мерекелік дастарқанға ауызашарға шақырды.
 

  

  

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою