Компанияның 25-жылдығына орай шағын футбол бойынша турнир

17 қыркүйек 2018

«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің құрылғанына 25-жылдығына орай 7-8 қыркүйек күндері «Евразия» СК және «Сейхун» ССК спорт залдарында қаланың мұнай және сервистік компаниялары арасында шағын футбол бойынша турнир өткізілді. Турнирге барлығы 17 команда қатысты: «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, «СНПС Айдан Мұнай» АҚ, «Куатамлонмұнай» БК» ЖШС, «ҚОР» мұнай компаниясы» ЖШС, «Көлжан» ЖШС, «KazPetrol Group» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ, «Бастау-S» ЖШС, «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, «Best-Service LTD» фирмасы» және «Кұмкөл-ЭКО» ЖШС, «Абай Даулет» ЖШС, «Абзал және К» ТС, Қызылорда облыс әкімшілігі құрамасы. Жарыс айналма жүйе бойынша өткізілді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 360 000 теңгені құрады.

Турнир финалында «Қазгермұнай» БК» ЖШС және «Абзал және К» ТС командалары кездесті. Іріктеу матчтарында 7:3 есебімен «Абзал және К» компаниясы жеңсе, ақтық жарыста жеңіс турнир иелері «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не бұйырды.

Сонымен қатар жарыс жүлдегерлері: 3 орын - «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ және 4 орын - «KazPetrol Group» ЖШС. Барлық командалар ақшалай сыйлықпен ынталандырылды.

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою