Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні

22 тамыз 2018

Ақшабұлақ к/о-да Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды және өткізілді. ҚГМ басқармасы атынан бас директор Қайржан Есен және бас директордың бірінші орынбасары Тянь Кэцзянь, компания басшылығы өкілдері, сондай-ақ қызметкерлер кәсіподағы төрағасы еңбек ұжымы мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Мерекелік іс-шара аясында, жеңімпаздары мен қатысушылары бағалы сыйлықтармен марапатталған «Мұнай жұлдыздары» таланттар конкурсы ұйымдастырылды. Сонымен қатар барлық жиналған қонақтар үшін концерттік бағдарлама мен мұнай кәсіпорны асханаларында салтанатты кешкі ас ұйымдастырылды.

Құрметті мұнайшылар! Сіздерді Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мұнай-газ саласында еңбек ететін азаматтар алда тұрған міндеттерді абыроймен атқарып, еліміздің индустриялық-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатынына сеніміз мол. Мемлекетіміз Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Сыр өңірінде жер байлығын игеріп, оны ел қажетіне жұмсауда ерен еңбек еткен мұнайшыларымызды мақтан етеміз, олар әрқашан құрметке лайық.

Мұнайлы өңірдің қазынасы сарқылмасын. Отбасыларыңызға береке мен бірлік, елімізге амандық пен тыныштық тілейміз!

«Қазгермұнай» БК» ЖШС Басқармасы

 

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою