Мұнай өндіруші компания жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін басқару.

30 мамыр 2016

Мамыр айының 26 -27 аралығында «Қазгермұнай» БК ЖШС басшыларына арналған корпоративтік форматта «Мұнай өндіруші компания жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін басқару» тақырыбындағы кезекті оқу ұйымдастырылды.

 
Техника ғылымдарының кандидаты, профессор, бірқатар алдыңғы қатарлы ресей бизнес мектептерінің МВА бағдарламасының оқытушысы, «Москва-Алматы-Консалтинг» ЖШС компаниясының басқарушысы  Игорь Владимирович Шило тренер ретінде шақырылды.
 
Қазіргі әлемдік экономикадағы кері әсерлеріне байланысты «Қазгермұнай» БК» ЖШС жақын арада және болашақта бәсекеге қабілетті басымдыққа ие болу үшін басқарудың жаңа қадамдарын  іздеуге тура келеді.
 
Бизнес процесстерді оңтайландыруға бағытталған сапалы стратегиялық шешімдер «Қазгермұнай» БК ЖШС қаржылық жағдайын нығайту үшін қомақты жасырылған қорларды қолдануға жол ашады. 
 
Тренинг барысында  қатысушыларға бизнес-процесстерді оңтайландыруға бағытталған жобаларды дайындау мен жүзеге асыру методикасын қолдану және сол жобалардың нәтижелерін «Қазгермұнай» БК ЖШС күнделікті және жобалық қызметіне енгізу ұсынылды. 
 
Қатысушылардың әрбірі оқу барысында «Қазгермұнай» БК ЖШС қызметіне негізделген  көптеген кейстерден және практикалық тапсырмалардан  алған теориялық білімін іс-жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.
 
Осы тектес оқуларды өткізу компанияға уақытпен таласып жұмыс жасауға, өндірістік қызметін оңтайландырып, жаңашаландыруға арналған заманауи тиімді құралдарды қолдануға, қаржы және адам ресурстарын нығайтуға, компанияның тұтастай дамуына ықпал етеді.
 
      
 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою