Мұқтаж балаларға арналған сыйлық

09 сәуір 2014

Қайырымдылық іс-шара аясында «Қазгермұнай» БК» ЖШС компания Бас директоры, әрі Қызылорда қаласының 21-сайлау округі бойынша Облыстық мәслихатының депутаты - Кәрім Медет Сәпиұлы, Бас директордың бірінші орынбасары Юй Чжицин және Бас директордың жалпы мәселелер бойынша орынбасары №7 Арнайы түзету мектеп-интернатында болды. Бұл мектепте даму деңгейі шектелген балалар оқиды. Оқу орнында 136 бала тәрбиеленуде. Осы балалардың ішінде 2 бала –жетім, 62 бала – әлеуметтік –қолайсыз отбасынан шыққан балалар.
Мектеп-интернатта тек қана Қызылорда қаласынан емес, сондай-ақ жақын маңайдағы аудандардан келген балалар да оқиды, сондықтан да олар оқу мезгілінде тәулік бойы интернатта болады. Интернат ғимараты 1967 жылы пайдалануға берілген, бірқатар шешілмеген коммуналдық мәселелері бар. Осы себептен аптасына бір рет балаларды моншаға алып барады. Сонымен қатар, балаларды дәрігерлік тексеруден өткізіп тұрады.
Осыған орай, осыдан 3 жылдан бері балалардың қауіпсіз, жайлы, тұрақты және жедел тасымалдануын қамтамасыз ету үшін оқу орнының алдында автокөлік алу қажеттілігі мәселесі тұрды.
ЖШС «Казгермұнай» Біріккен кәсіпорны басшылығының оқу орнына келу себебі №7 Арнаулы түзету мектеп-интернатына компанияның қайырымдылық қаражаты есебініен сатып алынған жаңа газель автокөлігінің кілтін тапсыру. Оқу орнының директоры Рсалды Қалжанова ризашылықпен автокөлік кілтін қабылдап алды.
М.С.Кәрім ұстаздар қауымы мен балаларға арналған сөзінде ЖШС «Казгермұнай» БК әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын ретінде және жеке басы облыстық мәслихаттың депутаты ретінде өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету өзінің әлеуметтік, қайырымдылық, әлеуметтік қызметтерін іске асырудағы басты мақсаттарының бірі екендігін атап көрсетті.

 

   

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою