Нысандарда өрт қауіпсіздігі мен адамдардың қауіпсіздігі бойынша оқытулар мен жаттығуларды өткізу кез келген кәсіпорынның

02 қыркүйек 2014

Нысандарда өрт қауіпсіздігі мен адамдардың қауіпсіздігі бойынша оқытулар мен жаттығуларды өткізу кез келген кәсіпорынның, оның басқару органдарының, басқарушы құрамның, жұмыскерлер мен қызметкерлердің төтенше жағдайлардағы әрекеттерге дайындаудың ең тиімді және жоғары нысаны болып табылады.

Төтенше жағдай орын алғанда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, шығын келтіруді азайту мақсатында ағымдағы жылдың 27 тамызында "Қазгермұнай" БК" ЖШС Бас Кеңсе ғимаратынан қызметкерлерді шығару және өрт сөндіру бойынша оқу жаттығуы өткізілді. Жаттығу барысында өрттің шығу орны болып төменгі қабаттағы мұрағат бөлмесі тандалды.

Оқу жаттығуы барысында Кызылорда қаласының Мемлекеттік өрт қауіпсіздігі құрамы өрт сөндіруші екі көлігімен, шартты өртті сөндіру үшін бірінші қабаттағы ішкі өрт крандарын пайдаланған 18 адамнан тұратын ерікті өрт сөндіру құрамы, "Semser Security" ЖШС қорғау қызметкерлері, "Интертич Медициналық Ассистанс" ЖШС қызметкерлері тартылды.

Жалпы алғанда, оқу жаттығулары бекiтiлген ""Қазгермұнай" БК" ЖШС" Бас Кеңсесінде өрт сөндіру бойынша объектілі оқу жаттығуларыг өткізу жоспарына» сәйкес жүргізілді.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою