ҰОС мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті

08 мамыр 2015

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсанында 8 мамыр күні «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас кеңсесінде Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлерін құттықтау іс шарасы болып өтті. Бас директордың орынбасарлары Тыран С.Б. пен Ши Хаоцзи ардагерлерімізді мерекелерімен құттықтады.
Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн! Шын мәнінде біздің абзал жанды ардагер қарияларымыз үлкен ерлік жасады. Ел үшін, болашақ ұрпақ үшін жандарын берді. Ол кісілердің жасаған ерліктерін біз ұмытпаймыз. Ол кісілердің ерліктері біздерге үлкен үлгі.





 

  

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою