Отан қорғаушылар күні

06 мамыр 2016

Отан қорғаушылар күніне орай ұжымдағы әйелдер қауымы ҚГМ бас кеңсесіндегі ер азаматтарға тосын сый жасады.
 
Таңертеңнен әскери-мерекелік киімдегі нәзік жандылар кеңсе қызметкерлерін кіре беріс есіктен құттықтау қошеметпен қарсы алды.
 
Сол күні сағат 12:00 кеңсе асханасында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарламада әскери әндер айтылды, ойындар ұйымдастырылып, мерекелік тәтті нан ұсынылды. Кеңсенің ер азаматтары мерекелік көңіл күймен ұйымдастырылған ойын - сауыққа атсалыса қатысты.
 
Екі сағаттық жұмыс уақытынан соң  сағат 16:00 кеңсе аумағында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте қызметкерлер кеңсе аумағын, жақын орналасқан авто жолдарды тазалап, көшеттер отырғызды. Сонымен бірге, Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған шарада мини-футболдан өткен турнирде бақ сынасқан құрылымдық бөлімдердің командалары марапатталды.
 
Сенбіліктен соң, сағат 17.00 асхана жанында таза ауада мерекелік дастархан жайылып, дәмді палау мен қуырдақ ұсынылды. Дастархан басында қызметкерлер арнайы дайындалған тағамдарды алып, бір-бірін құттықтап, маңызды өткен күнді қорытындылады.

Ұйымшыл әйелдер ұжымына ұйымдастырылған мереке үшін көп алғыс!

  

    

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою