Параби бойынша Қазақстан Республикасының Кубогын өткізуге «Қазгермұнай» БК » ЖШС серіктес болды

29 сәуір 2019

27 – 28 сәуір күндері Қызылорда қаласында «QYZYLORDA CUP-2019» би спорты бойынша халықаралық турнир аясында параби бойынша Қазақстан Республикасының Кубогы болып өтті.  Аталмыш турнирді ұйымдастырып, өткізуде «Қызылорда облысы би спорты федерациясы» ҚБ-нің серіктесі «Қазгермұнай» компаниясы болды. Серіктестік жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздарына арналған кубок, медаль сатып алуға және іс-шараның өткізілетін орнын дайындауға демеушілік көмек көрсетті.

Турнирге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанның жиырма қаласынан 800-ден астам би дуэттері қатысты.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС ерекше қажеттілікті талап ететін жандарды оңалтуға көмек көрсетуді қалап, атап айтқанда параби секциясында турнирді өткізуді қолдап, жақсылықты жаны сүйетін, басқаларды жарқын өмірге шабыттандыратын, ерік-жігері мықты адамдарға құрмет білдірді.

«Қазгермұнай» компаниясы атынан Қазақстан Республикасының Кубогына лайықты түрде қатысқаны үшін парабишілерді құттықтап, өз өмірінің әрбір күні парабишілер өз істерінің шебері екендігін дәлелдеу үшін темірдей қайратты екендігін көрсетуі қажеттігін атап өтті. Бұл құрметке лайықты іс!

 

      

         

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою