ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы Спартакиада қорытындылары

03 қазан 2014

2014 жылдың 29-30 қыркүйек аралығында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында Алматы қаласында Спартакиада болып өтті. Спартакиадада келесі компаниялардың командалары бақ сынады: «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ (Қызылорда қ-сы), «Қазгермұнай» БК» ЖШС (Қызылорда қ-сы), «Торғай-Петролеум» АҚ (Қызылорда қ-сы), «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (Шымкент қ-сы), «ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк.» (Алматы қ-сы).
Спартакиадада командалар спорттың 5 түрі бойынша сайысты: үстел теннисі, мини-футбол, бадминтон, шахмат, бильярд.
Жарыс күндерінің қорытындысы бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС екінші жүлделі орынға ие болды. Ал бірінші орынды «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ қызметкерлері қанжығаларына байласа, үшінші орынға «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС орнықты.
Барлығы компания абыройын қорғауға 20 спортшы аттанды. Келесі спорт түрлерінен біздің әріптестер жүлделі бірінші орындарға ие болды: үстел теннисі, мини-футбол. Ал бильярд пен шахмат ойындарында қола жүлделерге қол жеткіздік.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою