Өрт салдарының алдын-алу жаттығулары

10 сәуір 2015

  Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс» туралы Заңына сәйкес «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас кеңсесі қызметкерлерінің өрт шығу жағдайында өртті сөндіру, көшіру жұмыстарын жүргізуге дайындығын тексеру, қызметкерлердің өз бетінше қабілеттерін дағдыландыру, қателеспей тез арада әрекет етуге  оқыту, сонымен қатар, кәсіпорын ұжымының мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшесімен өз ара қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында 2015 жылдың 10 сәуір күні оқу  жаттығуы өткізілді.
  Оқу жаттығуына Қызылорда қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің жеке құрамымен 2 өрт сөндіру көлігі, шартты өртті сөндіру мақсатында өздерінің қолда бар ішкі өрт сөндіру крандарын пайдаланған ерікті өртке қарсы жасақтың 18 мүшесі, «Semser Security» ЖШС, «Семсер – өрт сөндіруші» ЖШС және  «Интертич Медицинский Ассистанс» ЖШС қызметкерлері қатысты.
  Жалпы оқу жаттығуы бекітілген «Қазгермұнай» БК» ЖШС Бас кеңсесінде өртті сөндіру бойынша нысандық оқу жаттығуын өткізу жоспарына» сәйкес өткізілді. Оқу жаттығуы барысында іс жүзінде өрт сөндіргішті қолдану, әр түрлі күйік және сынық жағдайында алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуін іске асыруы көрсетілді.
  Оқу жаттығу соңында Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Абдрахманов Н.Б. оқу жаттығуына тартылған барлық ұйымдарға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіре отырып, өткізілген шараның төтенше жағдайларда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауда, келтірілетін зиянды азайту маңыздылығын атап өтті.  

 

  

  

  

 

 

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою