SPE Қызылордалық секциясының II Технологиялық күні

20 мамыр 2017

 

Бүгін «Бастау» Бизнес Орталығында «Қазгермұнай» БК ЖШС (бұдан әрі – ҚГМ) қолдауымен Society of Petroleum Engineers (SPE) мұнай-газ өнеркәсібі инженерлері Қоғамының Қызылорда секциясының 2-ші Технологиялық күні өткізіледі. Аталған іс-шара жергілікті және өңірлік эксперттерге өндірілетін мұнай коэффицентін ұлғайту, мұнай өндірісін тұрақтандыру, сонымен қатар өңірдің дамуына бағытталған технологиялық жетістіктерді қолдау мен дамытуға қатысты тақырыптарды талқылауға тұғырнама ұсынады.

Секция жұмысына өңірдегі мұнай-газ кәсіпорындарының бірінші басшылары, Қызылорда облысы Әкімдігінің, жергілікті жоғарғы оқу орындарының және БАҚ өкілдері қатысады. Шараны ұйымдастыруды ҚГМ Жас мамандар кеңесі өз жауапкершілігіне алды.

 
 
   
 
 
 

«ҚГМ» БК ЖШС-і бас директорының бірінші орынбасары Медет Сапиұлы Кәрім атап айтқандай «Саланың өзекті мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу үшін осындай алаң маңызды тұғырнама болып табылады. Сондықтан да біздің компания SPE Қызылорда секциясының кезекті Технологиялық күнін өткізуді қолдап отыр. Өңірлік секция үстіміздегі жылдың басында құрылғандығын атап өтуім қажет, алайда бүгінгі таңға секция мүшелері белсенді түрде кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, саланың өзекті мәселелерін көтеріп, бұрғылауда заманауи технологияларды, мысалы көлденең ұңғымаларды бұрғылау, сонымен бірге сандық технологияларды қолдану мәселелерін көтеріп отыр».

Іс-шара «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ өкілі SPE Қызылорда секциясының төрағасы Муқанов Әділдің және «ҚГМ» БК ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Медет Сапиұлы Кәрімнің құттықтау сөзімен басталады.

 
   
 
 

Секцияның негізгі жұмысы щеңберінде М.С.Кәрімнің «Мұнай-газ компаниясының стратегиялық дамуы»; «Schlumberger» компаниясының инженер-геофизигі С.Исмағұлованың «Мұнайлы-газды жүйелерді үлгілеу арқылы келешегі бар аумақтарды бағалау»; ҚГМ кеніштерді үлгілеу бөлімінің басшысы Ә.Лұқпановтың «Заманауи технологияларды қолдану арқылы көлденең ұңғымаларды бұрғылау және игеру»; «Rock Flow Dynamics» үлгілеу бойынша аймақтық өкіл – директор А. Тимошенконың «Кеніштерді геологиялық-гидродинамикалық үлгілеу кезіндегі белгісіздікті бағалау және автоматтандырылған бейімделу» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалады. Баяндамаларды талқылау «сұрақ-жауап» үлгісінде жүргізіледі.
Секция жұмысының соңына қарай қатысушыларға арналып бизнес ланч ұйымдастырылды, іс-шараға қатысушылар бейресми жағдайда бір-бірімен байланыс орнатып, белсенді түрде баяндамаға және өңірлік SPE секциясының одан әрі жұмысына қатысты пікірлерімен алмасты.

 

*Мұнай-газ өнеркәсібі инженерлер қоғамы (SPE) – мүшелері энергетикалық ресурстарды өңдеу мен өндіру саласында жұмыс істейтін бейкоммерциялық кәсіби бірлестік. SPE әлемнің 144 елінен 168 000 аса Қоғам мүшелерін біріктіреді. SPE барлау мен мұнай өндіру саласындағы техникалық ақпараттың мойындалған дереккөзі болып табылады және де баспа, конференция, техникалық семинарлар, форумдар және www.spe.org веб-сайты арқылы өзінің қызметін көрсетеді.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою