Жаңа жылыңызбен!

01 қаңтар 2017

Сіздерді Жаңа 2017-ші жылмен құттықтаймыз!

 
Өткен 2016-шы жыл бүкіл елдің және әрбір қазақстандықтың өмірінде орын алған мәнді оқиғаларымен, жарқын сәттерімен және мерекелерімен есте қалады, солардың ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын да айта кету керек.
 
«Қазгермұнай» БК» ЖШС Елбасының және республика басшылығының қазақстан қоғамының алдына қойған міндеттерін іске асыруда өзінің қомақты үлесін қоса отырып, 2016-ші жылды лайықты аяқтады.Компания Қызылорда облысы әкімшілігі мен тұрғындарының барлық үмітін ақтады, сондай-ақ, Серіктестіктің  Қатысушылары: «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндру» АҚ және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ бекіткен жылдық өндірістік және қаржы-шаруашылық жоспарларын уақытында, әрі толық көлемде орындады. Оған қоса, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында барлық міндеттемелер сақталды, өңірдегі бірқатар әлеуметтік маңызды жобаларға қомақты қолдау көрсетілді.
 
Жаппай өркендеу игілігінде өзінің баға жетпес үлесін қосып, еңбек еткен баршаға өз ризашылығымызды білдіреміз!
Жаңа жылды жаңа күшпен, жаңа мақсаттармен және жаңа жетістіктерге жетеміз дегензор үмітпен бастаймыз!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңыз бен жақындарыңызға  бақыт тілейміз! 2017-ші жылқуанышты сәттерге толы болсын! Жаңа жылдарыңызбен!

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою