Жас мамандар арасында үстел теннисінен жарыс өтті

17 қыркүйек 2016

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқарамасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кәсіпорындардағы жастар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа жүйелі түрде қалыптастыру мақсатында «Чемпион» теннис орталығында жұмысшы жастар арасында үстел теннисінен жарыс өткізілді.

Сайысқа «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Шалқия цинк» АҚ, Ұлттық зейнетақы қорының облыстық филиалы, Қызылорда жылу тарату электр орталығы, «Қорқыт Ата» әуежайы, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «ҚОР» мұнай компаниясы» ЖШС, Облыстық медициналық орталығы, «Қаз Су Шар» РММ, АО «ЖҰЗҚ» Қызылорда филиалдарынан 18-29 жас аралығындағы 35 жас маман қатысты.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС атынан Бекенов Асқар, Жұманов Еркін және Көшербаева Ырысалды қатысып өз бақтарын сынады. Жарыс қортындысы бойынша ерлер арасында Таңжарық Қанат («Цеснабанк» АҚ) I орын алса, жүлделі II орынды әріптесіміз – Бекенов Асқар («Қазгермұнай» БК» ЖШС), III орынды – Шардарбек Мағжан («Сардар» ЖК) иеленді.

  

   

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою