Жас мамандар тренингі

29 сәуір 2017

            29 сәуір мен 1 мамыр аралығында ҚГМ-де «Кәсіби шеберлік конкурстарына дайындалу және қатысу кезінде командадағы жұмыс пен күйзеліске қарсы төзімділік» атты тақырыпта тренинг өтті. Бұл шараның компания қызметкерлері үшін маңызы зор.

            Адамның көңіл-күйін түсініп, оны жақсы жаққақарай бағыттау арқылы қызметкерлердің де, басшылардың да біліктілігін арттыру өте маңызды дүние. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қазіргі жастар – мобильді болуы тиіс» деп атап айтқан болатын. Яғни, бұл дегеніңіз жастардың заманмен қатар дамып, алға жылжып отыруын қажет етеді. Ол үшін жастар жоғарғы білімге ие, көкірек-көзі ашық, талғам-таразысы мықты, кеше мен бүгінді, бүгін мен болашақты сараптай алатын зерек болуы тиіс. Сонда ғана ол белгілі бір жетістікке жете алады. Семинар жастарды осындай жігерлі, зерделі, талапты болуға ынталандырады десек артық айтқандық емес.
 
            Бұл ретте, ҚГМ Басқарма аппаратының басшысы Усалиев Р.Ж. өз пікірін білдірген болатын: «Қарыштап өзгеріп жатқан қазіргі заманда компания басшылығын әртүрлі кедергіден лайықты алып өтіп, бәсекелестікке бейім болу – өте қызық әрі қиын шаруа. Сол шаруаны атқару үшін біз түрлі тренингтер мен семинарлардан үйреніп келеміз. Бұл жолғы дәрістің де пайдасы орасан болды» дейді ол.
 

            Ал Жас мамандар кеңесінің төрағасы Сыздықов С.М. «тренингтің негізінен жеке адам болмысын дамытудағы рөлін айқындауда үлкен септік ететініне» сенімді.

  

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою