Жас мамандардың жоғары сынып оқушыларымен кездесулері

12 қараша 2016

ҚГМ жас мамандарының бастамасы бойыншаолар Қызылорда қаласының жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Кездесулер бір уақытта №№2, 3 және 15 мектептер арасында, сондай-ақ Назарбаевзияткерлік мектебінде (НЗМ-де – 19 қарашада) өтті.

 
Оқушылармен кездесу барысында ҚГМ туралы таныстырылымдық бейнеролик көрсетілді, одан кейін жас мамандар мұнай компаниясындағы жұмыстың ерекшеліктері туралы айтып бере отырып, оқушылардың назарын келешек кәсіпті, өмірлік жолды таңдаудың маңыздылығына аударды. Таяу арада жоғары оқу орны мен мамандықты таңдау мәселесіне тап болатын жоғары сынып оқушыларыаса қызығушылық танытты және жеке ниеттерімен және жоспарларымен байланысты өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоя отырып, қызу әңгімеге кірісіп кетті. ҚГМ жас мамандары оқушылардың барлық сұрақтарына қуана отырып жауап берді, бұл ретте олар өз өмірі мен мансаптық тәжірибесінен мысалдар келтіріп отырды. Тыңдаушылардың көп бөлігі инженерлік-техникалық мамандықтарға, соның ішінде мұнай-газ және мұнай өңдеу салаларындағы мамандықтарға қызығушылық таныттыжәнеөздерініңмұндайтаңдауын – инновациялықжәне экологиялық тұрғыда барынша қолайлы шешімдерді өндіріске енгізуді қалайтындығымен түсіндірді. Олардың арасында «жасыл» технологиялар туралы көрнекі ақпарат алу мақсатында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне баруды жоспарлап қойғандар да болды. Олармен қатар, өз мансабын жергілікті мұнай компанияларында құруды мақсат еткендер де болды, бұл ретте басым көпшілігі беделді және технологиялық тұрғыда дамыған кәсіпорын ретінде «Қазгермұнай» компаниясына басымдық берді.


Ең белсенді тыңдаушылар ҚГМ жас мамандарынан естелікке имидждік өнімдердің жиынтықтарын: ҚГМ фирмалық символикасы бар қойын дәптерлер, қаламсаптар және өзге кеңселік керек-жарақтар алды.

 

   
   

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою