Жеке еңбек дауын шешу бойынша келісу комиссиясы қызметінің практикалық мәселелері

17 мамыр 2018

   Ү.ж. 17 мамыр күні «Қазгермұнай» БК» ЖШС кеңсесінде «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ  Қызылорда облыстық филиалы бастамасымен «Жеке еңбек дауын шешу бойынша келісу комиссиясы қызметінің практикалық мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар жұмысына қатысқандар:

  • • Қалиев С.Е., «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы
  • • Нұрғалиева Е.Н., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ азаматтық-құқықтық тәртіп кафедрасының профессоры , Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң жобасын зерттеу, әзірлеу және сараптау мемлекеттік-құқықтық ҒЗИ директоры, «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» ҚҚ Президенті
  • • Боранбаева М.К., «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» АКБ бас маманы
  • • сонымен қатар Қызылорда облысының мұнай-газ және қызмет көрсету кәсіпорындарының кәсіподақ белсенділері өкілдері: «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Қуатамлонмұнай» БК» ЖШС, «Фирма «Best-Service LTD» ЖШС, «Құмкөл-ЭКО» ЖШС.
     

Семинар барысында келесі тақырыпта баяндамалар оқытылды:

  • • Жеке еңбек дауын шешу бойынша келісу комиссиясы қызметінің практикалық мәселелері  
  • • Әлеуметтік серіктестік жүйесінде кәсіподақ рөлі: шындық және жаңа сын-қатерлер
  • • Заманауи жағдайларда кәсіподақ жұмысын жаңғыртудың негізгі аспектілері: практикалық дағдылар мен білімдер, жұмыс тәжірибесімен алмасу

 

 18 мамыр күні «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Қалиев С.Е. Серіктестік өкілдерімен және кәсіподақ белсендісімен бірге Ақшабұлақ к/о-на барып,   кәсіподақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылау үшін мұнай кәсіпшілігі жұмысшыларымен кездесті.

  

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою