Ардагерлер қоры

Компанияның ардагерлері «Ардагер-Мұнайшы»  

2012 жылдың қарашасында "Қазгермұнай" БК" ЖШС-нің қаржылай қолдауымен «Ардагер-Мұнайшы» Қоғамдық қоры құрылды, оның құрамына Серіктестіктің ардагерлері кірді. Қорды Қалжанова Разия Қалжанқызы – "Қазгермұнай" БК" ЖШС-нің Әлеуметтік даму бөлімінің бұрынғы басшысы басқарады.
Бүгінгі таңда Қор қатарында 77 зейнеткер бар. Олардың барлығы "ҚГМ" БК" ЖШС-нің тұрақты демеушілік және қайырымдылық қолдауының арқасында медициналық сақтандырумен және тұрақты медициналық тексеруден өтумен, мерейтойлық күндер мен мемлекеттік мерекелерде (Отан қорғаушысы күні, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, ҚР мұнайгаз кешені қызметкерлері күні, Қазақстанның тәуелсіздігі күні, Жаңа жыл) материалдық сыйақымен, жыл сайынғы санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етілген.
Зейнеткерлер Қазгермұнай қызметкерлеріне жасалатын ірі мәдени-көпшілік іс-шаралардан да шеткері қалмайды.
Қордың жалға алып отырған өз кеңсесі бар, ол заманауи жиһазбен, ұйымдастыру техникасымен, ақпараттық тақталармен және стенділермен жабдықталған. 

   

 

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою