«Қазақстан көшбасшысы 2016» Ұлттық сертификаты

 

Ұлттық бизнес-рейтинг кәсіпорындарды олардың қызметінің қаржы-экономикалық және салықтық көрсеткіштері негізінде рейтингілеудің тәуелсіз кешенді бағдарламасы болып табылады. Салық көрсеткіштерінің рейтингтік зерттеулері негізінде, қызметінің нәтижелеріне қарай кәсіпорындардың бюджетпен есеп айырысуларының жағдайын динамикада бағалауға болады. ҚР кәсіпорындарын төленген салықтарының шамасы бойынша бағалаудың нәтижелері бәсекелестерімен салыстырғанда салық төлеушілердің бюджетпен есеп айырысуларының жағдайын және қызметінің тиімділігін арттыру үрдісін, сондай-ақ салық түсімдерін ұлғайту үрдісін көрсетеді.

Рейтингтеу барысында келесілер анықталады: компанияның бюджетпен есеп айырысу бойынша саладағы ұлттық (аймақтық) көшбасшы және сенімді салық төлеуші ретіндегі мәртебесі, сондай-ақ бюджетпен есеп айырысуды оңтайландыру бойынша басшылыққа арналған бағдарлар. ТОП-қа енген кәсіпорындар Алтын, Күміс, Қола секілді тиісті көшбасшылық артықшылықтарды, сондай-ақ рейтингте белгілі бір орынды иемденеді.

 

«Қазгермұнай» БК» ЖШС ҰБР-дың келесі марапаттарына ие болды:
♦ «Қазақстан Көшбасшысы 2013» Ұлттық сертификаты:
«Активтер мен міндеттемелердің көрсеткіштері», «Пайдалылық көрсеткіштері» және «Өтімділік көрсеткіштері» критерийлеріне сәйкес ҚР Ұлттық бизнес-рейтингінде (ЭҚЖЖ 06.10.0) бірінші орын («алтын»)
 
♦ «Жыл импорттаушысы 2014» сертификаты:
ҚР импорттаушылары арасында «Экспорт/импорт көлемі» критерийі бойынша 3811900000 «Өзге химиялық өнімдер» – Дүмпібасқылар, антиоксиданттар, шайыр түзілуді баяулатқыштар, коррозияға қарсы заттар мен мұнай өнімдеріне (соның ішінде бензинге) және мұнай өнімдерімен ұқсас мақсатта пайдаланылатын басқа сұйықтықтарға арналған өзге дайын қоспалар» тауар тобына сәйкес ҚР Ұлттық бизнес-рейтингінде «алтын»
 
♦ «Қазақстан көшбасшысы 2015» Ұлттық сертификаты:
«Ішкі өндіріс тауарларының қосымша құнына арналған салық», «Жеке табыс салығы», «Корпоративтік табыс салығы», «Әлеуметтік салық» көрсеткіштерінің сомасы бойынша ҚР Ұлттық бизнес-рейтингінде бірінші орын («алтын»)
 
♦ «Қазақстан көшбасшысы 2016» Ұлттық сертификаты:
ҚР кәсіпорындарының арасында «Саланың көшбасшысы» аталымындағы және Қызылорда облысы кәсіпорындарының арасында «Жалпы салық» аталымындағы Ұлттық бизнес-рейтингінде «алтын»

 

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою