Басқарма Төрағасының Жолдауы ҚМГ ҰК АҚ

 

365 қауіпсіз күн – 100% қауіпсіздікке қол жеткізу жолында

Көп жылдар бойы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтау тек заңнаманың талабы ретінде ғана қаралды, нормативтік-құқықтық талаптар да қауіпсіздік мәселелерін басқару жөніндегі жұмыстың бағыттарын айқындады. Тәртіп пен бақылау негізгі шаралар болып табылды. Бұл ретте өндірісте жарақаттану жағдайларының болмауы қол жеткізбейтін мақсат болып саналды немесе әрі кетсе, біз ұмтылатын арман сияқты қарастырылды.

Уақыт өте келе, біздің қауіпсіздік мәдениетіміз өндірістік процестердің күрделілігін түсіну, еңбекті қорғау мәселелеріндегі дербес жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы мен қажеттілігін жақсарту жағына қарай өзгере бастады. Біз осы бағыттың одан әрі дамуының куәгерлеріне айналдық, ішкі команданың барынша тиімді өзара іс-қимылының нәтижесінде біз еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында өзімізді көшбасшы ретінде қабылдай бастадық. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек заңнамалық талаптарды орындау ғана емес, сонымен бірге қызметкерлер, мердігерлік ұйымдардың өкілдері мен қоғам алдындағы біздің адамгершілік борышымызға айналды. Бұдан басқа, біз қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау бойынша таңдаулы тәжірибелерді енгізу ешқандай зиян әкелмейтінін түсіндік, осыған орай,қауіпсіздік қағидаларын сақтамаған жағдайда, материалдық, адами зор шығындарға және де іскерлік беделіміздің төмендеуіне алып келері анық. 

Қауіпсіздік тұрғысында ең қолайлы күн – бұл ҚМГ барлық қызметкерлері өз отбасыларына жарақат алмай аман-сау оралатын күн, апаттардың болмаған және біздің қызметіміз қоршаған ортаға зиянын келтірмейтін күн. 2014 жылы біз алғаш рет осы күндердің есебін бастадық және осы айтылған оқиғаларсыз 90 күн жұмысымызды қауіпсіз жасап шықтық. 2015 жылы бұл көрсеткіш 96 күн болса, 2017 жылдың соңына қарай 30%-ға жақсарып, 125 күнге жетті. Ағымдағы жылдың статистикасы жылдың соңына қарай 200  қауіпсіз күнді болжауға мүмкіндік берді, алайда оң серпінге қарамастан, біз әлі де болса жаңа жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Біздің алдымызға қойған мақсатымыз 365 қауіпсіз күнге жақындаған сайын әрбір келесі күнге қол жеткізу үшін күш-жігерімізді көбірек жұмсайтынымызды түсінуіміз керек.

Сол себепті біз «100% қауіпсіздік» бағдарламасын іске қосамыз. Егер бұрын жазатайым оқиғалар мен апаттардың толықтай болмауы біздің пайымымыз болса, ал енді – бұл нәтижені күту болып табылады. Бұл біздің өзіміздің және мердігердің қызметкерлеріне тиісті құқықтарын бере отырып, егерде қауіпсіздік техника қағидалары орындалмау, бұзу немесе «100% қауіпсіздік» қағидатынан ауытқушылық орын тапқан кездерде, олар өз пікірін ашық айта алатынын, жұмыс барысына араласа отырып, қойылған талаптарға сәйкестендіруді қамтамасыз ететінін күтеміз.

Қауіпсіздік ережелерін 100% сақтау деген ұстаным ҚМГ компаниясының негізгі құндылықтарының бірі болып табылады. Бұл жай ғана ұран емес!

Басқарма төрағасы                                                                              

С. Мыңбаев


 

ҚазМұнайГаздағы қауіпсіздік: Біз алға қадам басамыз

Біздің өндіріс саламыз мезгіл-мезгіл тәжірибемізді, технологиямызды немесе философиямызды бизнесті дұрыс жүргізіп отырмыз ба, жоқ па, сол тұрғысынан қайта қарауға мәжбүрлейтін апатты оқиғаларға кезігіп отырады. Бұған Теңіз кен орнындағы апатты жағдай, 1988 жылы Солтүстік теңізде Piper Alpha мұнай платформасында болған апатты жағдай және 2010 жылы Мексика шығанағындағы Macondo ұңғымасын игеріп жатқан платформадағы жарылыс мысал бола алады. Осы оқиғалар ЕҚОҚҚ саласын, компаниялардың қауіпсіздікке деген көзқарасын және құзыреттерді, сенімділікті арттыру жүйелерін және төтенше жағдайлар болғанда  жоспарлауды басқару стилін толық өзгертіп, қайта қарауға алып келді.

«ҚазМұнайГаз» компаниясында біз регламентпен шектеліп қалмай, қызметімізді тәуекелдерді басқаруға, мүмкіндіктерімізге, технологияларымызға және қауіпсіздік бағдарламаларымызға келгенде  бизнесті жүргізу мәдениетін түбегейлі өзгертеміз. Біз стандарттарға сәйкес келетін бизнес-модельден барлық компанияда келісілген стандарттарды, процестерді және рәсімдерді талап ететін және осындай өзгерістердің негізі болып табылатын алдын алу моделіне өтудеміз. ЕҚОҚҚ басқарудың жалпы жүйесінің нәтижесінде біз жұмыс істейтін барлық салаларда бізге қағидалар мен нормалардың шегінен шығуға көмектесетін біз алға қадам басамызқағидатымен бақыланатын қызметтің негізі қаланатын болады

Бірнеше жылдың ашық деректерін жинағаннан кейін операцияларымыздың қауіпсіздік көрсеткіштеріне әсер ететін маңызды факторларын анық ұғындық. Ішкі регламентке, оқуға және құзыреттерге байланысты проблемалар – қызметіміздің сенімділігіне әсер ететін түйінді факторлар болып табылады. Жаңа деректерге ие бола отырып, жаңғырту процесінде адами факторларды қамтитын сенімділікті қамтамасыз етудің нысаналы бағдарламасын жасап жатырмыз.

Тәуекелді азайтуға арналған технологиялар маңыздылығына қарамастан, ешқандай технологиялық инновация ойланбай шешім қабылдау проблемасын шеше алмайды. Айқындаушы фактор адамдар екенін мойындаймыз. Сондықтан сенімділікті басқару бағдарламалары жұмыскерді дамытудың ажырамас бөлігі болда  және басшылардың келесі буынын олар басқаруы мүмкін ортаның талаптарына дайындау үшін неғұрлым қатаң бағдарламаларды әзірлеумен айналысудамыз. Piper Alpha оқиғасынан кейін 30 жылдан астам уақыттан кейін қауіпсіздік бағдарламасы оқиғалар коэффициенті туралы ұғым пайда болып, әлдеқайда жақсарды және бұл жалпы өте төмен деңгейде. Бағалауды және тәуекелдерді азайтуды біздің жұмысымыздың ажырамас бөлігі  ететін жұмыс мәдениетіндегі өзгерістерге деген қызығушылық -  бұл нақты прогреске қол жеткізуге болатын жол екеніне сенімдімін.

Біздің жаңа техникалық стандартымызда өндірістегі қауіпсіздіктің ғана болуы жеткілікті емес. Жоғары буын басшылары сатып алудан кәсіпшілік операцияларға дейін ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде шешімдер қабылдау үшін негізгі болып табылатын қауіпсіздікті және тәуекелдерді басқару процестерін ұғыну және қабылдау және әрбір жұмыскердің бірдеңенің салдардан қорықпай дұрыс әрекет етуі құқығын мойындау үшін жауапкершілік көтереді

Біздің саламыз – бұл күрделі, сан түрлі және бәсекелестік бизнес, мұнда үлкеннен бастап кіші компанияға дейін неғұрлым жоғары стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Бірақ біз жалғыз өзіміз өзгерістерге ықпал ете алмаймыз, сондықтан осындай өзгерістерді үкіметтік деңгейде басқару үшін өнеркәсіп институттарымен және қауымдастықтармен ынтымақтасу қажет. Өзара іс қимыл жасауға дайын және шабыттанған персонал біздің алға жасайтын қадамымызда жетістікке қол жеткізу үшін озық практикаларды, технологияларды және бағдарламаларды қамтамасыз ете алады.

 

Сауат Мыңбаев
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Басқарма төрағасы



Біздің қауіпсіздікке бағытталған жолымыз

Жаңа еңбек жылын бастай отырып,  ҚазМұнайГаз компания тобының (бұдан әрі – ҚМГ) әрбір жұмыскері қауіпсіздік пен сенімділіктің неғұрлым жоғарғы деңгейіне жету үшін жұмыс орындарындағы апатты оқиғалар мен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін өзінің еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғауды жетілдіру үшін қосқан үлесін бағалау қажет.

ҚазМұнайГаз компаниясының жұмыскерлерінің және мердігерлік ұйымдарының қауіпсіздігі мен денсаулығын жақсартуға, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтардың әл-ауқатына ұмтылу ҚазМұнайГаздың бизнестегі ұзақ мерзімді табыстылығының негізі болып табылады.

Біз өзіміздің негізгі құндылықтарымызға ортақтасқан ҚазМұнайГаз дың барлық жұмысшыларын қатыстыра отырып, еңбек қауіпсіздігі мен денсаулық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ мінсіздік пен жетістіктерге ұмтыламыз. Бұл мақсаттарға жету үшін бізге сіздердің жеке мүдделілігіңіз бен қолдауларыңыз қажет.

Қауіпсіздік және денсаулық мәдениеті әрқашан көшбасшылықтан басталады. Көшбасшылар басқа жұмыскерлерге өз кезегінде мәдениеттің мінез-құлық үлгісін көрсетеді. Көшбасшылар сонымен қатар талаптар белгілеп, құрылым жасап,  басқаларды оқытып мәдениетке әсер етіп, нәтижеге жеке жауапкершілікпен қарайды Мұндай қауіпсіздік мәдениеті ҚазМұнайГаздағы басқарудың әрбір деңгейінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Ол үнемі нығайып, жетілдірілуі керек, қауіпсіздік және денсаулық сақтау мәселелері басқа басымдықтарға қарағанда жоғары болуы тиіс.

Біздің басты мақсатымыз - ҚазМұнайГаз бен мердігерлік ұйымдардың жұмыскерлерінің күн сайын үйлеріне аман-есен қайтуы үшін жағдай жасау. Біз әрқашан басты мақсатымыз – ЗИЯНСЫЗ ЖҰМЫСҚА қол жеткізу үшін еңбектенеміз

Қауіпсіз мінез-құлық мәдениетінің тұжырымдамасы жұмыскердің нормативтік талаптарын сақтаумен қатар, жұмыстың қауіпсіз орындалуы үшін өз жауапкершілігін мойындауды қамтиды.

Біздің қазіргі кезеңдегі міндетіміз ресми қауіпсіздік процедураларын сақтауды ғана емес, сонымен қатар ҚазМұнайГаздың әр жұмыскерін оларды жетілдіруге шабыттандыру болып табылады.

Сондықтан қауіпсіздікті және еңбекті қорғау мәселелеріндегі көшбасшылық тек қана жоғары және орта буын басшыларынан ғана емес, сондай-ақ барлық қол жетімді байланыс құралдары пайдаланылып, ҚазМұнайГаз қызметкерлері мен мердігерлік ұйымдарынан бастау алуы тиіс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәдениетінің дамыту, үздіксіз жетілдіруге бағытталған  шексіз ұзақ  үдеріс. Қауіпсіздік мәселесінде тым асыра менмендік пен өз-өзіне сенушілікке жол жоқ. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үдерістерін үнемі жетілдіру жұмысшыларға қойылған мақсаттарына жету үшін барлығын жасауға мүмкіндік беретін тәртіпке дағдыландырады және зейінді арттырады.

Әрине, әлемдегі ешқандай мұнай-газ компаниясы, оның ішінде ҚазМұнайГаз да осы салада толық табысқа қол жеткіздік деп айта алмайды.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен барлық жұмыскерлерге өз ісіне берілгендігі,тұрақты және тиімді компания -ҚазМұнайГаз болашағына баға жетпес үлес қосқаны үшін алғыс айтамын, сондай-ақ Сізге және сіздің отбасыларыңызға қауіпсіз жұмыс және 2018 жылда сәттілік тілеймін.

 

Құрметпен,
Сауат Мыңбаев 2018 ж

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының
Басқарма төрағасы



«ҚазМұнайГаз» кемелдену жолында – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды әр адамның жеке ісіне айналдыру

Біз соңғы үш жылдың қорытындысын келтіре отырып, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуде маңызды табыстарға қол жеткізгенімізді мойындауға болады. Дегенмен, біз өз қызметкерлеріміздің, активтердің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған күшімізді ұдайы жұмсауға тиіспіз.

Өз саласының нағыз көшбасшысы болу үшін қауіпсіздік мәселесі әрқайсымыз үшін негізін қалайтын құндылықтардың бірі болуы тиіс.

Сондықтан мен Сіздердің әрқайсыңызды шын мәнінде «ҚазМұнайГаз» әлемдік деңгейдегі компания болу үшін жұмысымызды қалай орындайтынымыз және не жасай алатынымыз туралы жаңаша ойлауға шақырамын.

Мен егер өз адамдарымыздың, біздің мердігерлердің және біздің барлық қызметіміздің қауіпсіздігіне салыстырмалы ойлауды өзгерте алсақ, біз осы тәсілдерді компанияның барлық бизнес-процестеріне кіріктіре аламыз, себебі  сол кезде өндірістік тәртіп тұрақты түрде нығаятынына берік сенемін. Мен Қауіпсіздік техникасын әр адамның жеке ісіне айналдыруға шақырамын.

Өндірістік тәртіп пен қауіпсіздік техникасы ережелері мен оларды сақтау арасында тікелей тәуелділік болады. Рәсімдерді сақтау кепілдігі, кезінде орындалмай қалған істерді, келесі іс-шараларды орындау, бір-бірімізге деген қамқорлық – мұның барлығы Қауіпсіздік техникасының әр адамның жеке ісіне айналған белгілері. Егер Сіз қауіпсіздікті өзіңіздің жеке ісіңіз ретінде қабылдамасаңыз, онда ешнәрсе жасай алмайсыз, әрине мұны түсіну керек. Қауіпсіздік техникасын жеке өзінің ісі ретінде қабылдау біздің жұмысымыздың табиғи ырғағын және қорғаныштық механизмін қалыптастырады, ал бұл біздің қауіпсіздігімізге кепілдік береді, бізді пайдалы және табысты болуға жетелейді.

Біздің қызметіміздің өзіндік ерекшелігі қауіпті болып табылады. Біз жарақаттанушылық пен зақымдану қатерінің көп болуы, тіпті адам өліміне дейін апаратын жағдайлар болатындығын білеміз. Біз өте күрделі операциялық жүйеде жұмыс істейміз, мұнда көптеген факторлар бар, яғни қателіктерге, ережелерді толық түсінбеген немесе абайсыз бұзушылықтарға алып келетін факторлар болады. Мұның барлығы адамдар жарақат алатын негізгі себептерге байланысты. Біз осы күрделі жүйеде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласының көшбасшылары болып табыламыз. Барлығымыздың алдымызда түсініксіз рәсімдерді түсінікті рәсімдер, күрделі рәсімдерді қарапайым рәсімдер ретінде жасау міндеті тұр. Міндеттер қою, жабдықтарды жобалау, алдын ала көрегендік таныту және пайда болуы мүмкін қателерге жол бермеу, сондай-ақ қателіктерді түзету немесе жұмыс басталғанға дейін ондай қателіктерді жою. Еңбекті қорғау саласындағы Сіздің көшбасшылығыңыз өзіңізді жігерлендіреді және болып жатқан оқиғаларды шынайы түсінуге, яғни басқару жүйесіндегі кемшіліктерді табуға және түзетуге  көмектеседі. Бұл қауіпсіздікті арттыруға арналған қосымша басымдылық болып табылады.

Біздің қызметкерлеріміз, біздің мердігерлеріміз мен сала бойынша әріптестеріміз бір-біріне қамқорлық таныта алатын, егер қауіпті жүргізілген жұмыстарды байқап қалса, үндемей қалмайтын, ешкім өзіндік көзқарасын айтудан қорықпайтын, себебі оның дауысы айқын естілетін компания ретінде мойындаған кезде біздің жолымыздың дұрыс екендігі осыған дәлел бола алады.  

Ашық және шынайы жұмыс істейік, бір-бірімізді жарақаттанушылықсыз бизнес-міндеттерімізге қол жеткізуге шақырайық.  

Ашық және шынайы болайық, жарақаттанушылықсыз басқа да өндірістік мақсаттарға қол жеткізу жолында бір-біріміздің пікірлерімізді ескерейік.  

«ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының  барлығында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды әр адамның жеке ісіне айналдырайық.
 

Сауат Мыңбаев
«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының
Басқарма төрағасы

 

Басқарма төрағасының қауіпсіздік мәселелеріне арналған жолдауы

2018 жыл аяқталуға жақын, сондықтан осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздердің ҚазМұнайГаздағы іске шын берілгендіктеріңіз, жұмысқа деген ынталарыңыз үшін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне деген ұстанымыңыз үшін алғыс айтқым келеді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары ретінде жұмыс істеп жүргенде, 2018 жылы ҚазМұнайГаз-дың қауіпсіздік саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгеніне өзім куә болдым. Алғаш рет Компанияның тарихында 12 айлық кезеңде еңбек қызметімен байланысты өлімге алып келген жазатайым оқиғалары бойынша НӨЛДІК көрсеткішке қол жеткізілді. Еңбек қабілетсіздігіне әкеп соққан (еңбек қызметіне байланысты жарақаттану нәтижесінде бір күннен асатын кезең), жазатайым оқиғалардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 35% азайды. Мұның барлығы Компанияда жыл өткен сайын қауіпсіздік мәдениетінің артқанын әрі нығайғанын растайды. Сол үшін Сіздердің барлығыңызға алғыс білдіргім келеді.

Алайда, 2018 жыл жазатайым оқиғасыз жыл болған жоқ – өндірісте әлі де болса оқыс оқиғалар орын алып отыр. Біз Компанияның және мердігер ұйымдарының әрбір қызметкерінің әрқашанда жұмыстан аман-есен, жарақат алмай үйіне оралуына ұмтыламыз! Біз әрқашанда 100% қауіпсіздікке қол жеткізу мақсатына үздіксіз жұмыс істейтін боламыз!

Біздің қызметкерлердің, мердігерлердің және жергілікті халықтың денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы тынымсыз еңбегіміз «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнесінің ұзақ мерзімді әрі табысты болуының негізгі факторы болып табылады. Біз қауіпсіздік бойынша негізгі құндылықтарға ортақтасатын, өндірістің жоғарғы стандарттарына ұмтылатын кадрлық әлеуетті тарту, дамыту және сақтау арқылы қауіпсіздік мәдениетін ұдайы алға жылжытатын боламыз.

Компанияда қауіпсіздік бойынша бірқатар қағидалар, рәсімдер және стандарттар әзірленіп енгізілді. Үлкен жұмыс атқарылды, бірақ бұл жеткіліксіз. Біз ұжымның барлық деңгейлерінде, ҚМГ нысандарында жұмыс атқарып жатқан әрбір қызметкер үшін оның ажырымас бөлігі болып табылатын қауіпсіздік құндылығын енгізу жұмысын және қауіпсіздік мәдениетіне ұмтылысты ары қарай жалғастыруымыз керек. Бұл құндылық сіз жұмыстан тыс уақыттың өзінде де ол сіздің өміріңіздің ажырамас тұрақты бөлігі болуы керек. Себебі қауіпсіздік мәдениеті дегеніміз – ойлану қабілетін, жұмысқа деген қарым-қатынасты қалыптастыратын жазылмаған нормалар мен стандарттар жиынтығы.

Қауіпсіздікке деген ұмтылыс басшылықтан басталады. Алайда басшылық жеке өзі барлық жерде қауіпсіздік мәдениетін ұдайы қамтамасыз ете алмайды.

Егер сіздердің әрқайсысыңыз қауіп тудыратын жағдайлар мен әрекеттерді байқасаңыз, әрі бұл жайында ашық түрде айтатын болсаңыз, ал сіз жүгінген адамдар, сізді тыңдайтын болса, яғни жұмыс орындап жатқан қызметкер болсын, не өзіңіздің басшыңыз болсын сізді тиісті жабдықпен қамтамасыз етіп және жұмыстардың қауіпсіз орындалуын үйретсе. Осы көрсетілген міндеттеме мені қоса алғанда, ҚМГ-дың әрбір қызметкерінің ұстанымы болу қажет.

Біздің мақсатымыз – тек қана қауіпсіздік талаптарын сақтау ғана емес, әрбір адам қауіпсіздік техникасының жағдайын жасқартуға ұмтылатын, қауіпсіздік үшін жеке жауапкершілікті сезінетін атмосфераны құру.

Қауіпсіздік мәдениетін құру дегеніміз – бұл аялдамасы жоқ жол. Біз ешқашанда қол жеткен табысқа тоқмейілсіп тоқтап қалмауымыз керек. Бұл заман талабы – бұл жол бойынша ұдайы алға ұмтылу адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне үйретеді және бізді үнемі қауіпсіздік техникасын сақтауға жетелейді, оны жетілдіру үшін біз орындауға тиіс талаптардың орындалуын бізден талап етеді. Қазақстан бойынша мұнай-газ саласындағы үздік компания болайық! Сондай-ақ, қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсарту бойынша үнемі алға тұрақты түрде ұмтылайық!

Сіздерге тағы да іске деген адалдықтарыңыз, қауіпсіздік бойынша көрсеткіштерді жақсартуға қосқан үлестеріңіз және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметінің тиімділігін арттырғандарыңыз үшін алғыс айтамын, сондай-ақ 2019 жыл - Сіздер және сіздердің отбасыларыңыз үшін қауіпсіз, салауатты әрі табысты жыл болуына тілектеспін!

 

А. Айдарбаев 2019 ж
«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының
Басқарма төрағасы

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою