Компания жетістіктері

«Қазгермұнай» компаниясының жетістіктері мен марапаттары кәсіпқойлығы мен бай тәжірибесі айқын биіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берген жүздеген мұнайшылар мен жер қойнауын бағындырушылардың жемісті еңбегінен тұрады. Компания салалық және стратегиялық мәселелерді қабылдауда және жүзеге асыруда уақыт талабына сай бола білді.
Соңғы жылдары «Қазгермұнай» ЖШС қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында беделді республикалық сыйлықтардың лауреаты атанып, айтарлықтай табыстарға қол жеткізді.

2011 жылы «Қазгермұнай» компаниясы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғаныс жөніндегі комитетінің «Жылдың ең үздік қауіпсіз кәсіпорыны» деп танылды. Еңбек қорғау жөніндегі «Сенім» республикалық конкурсының құрмет дипломымен марапатталды. Компанияның еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы түпкі мақсаты компанияның кен орындарында толық қауіпсіз өндіріс құру болып табылады.
2012 ж. кәсіпорын айтулы республикалық «ПАРЫЗ» конкурсының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл марапат – Қызылорда өңіріндегі барлық кәсіпорындардың тарихындағы ең алғашқысы. Экологиялық жобаларды ендіру – шығарылған өнім мөлшеріне қоршаған ортаға ластаушы заттардың эмиссияларының көлемін азайту бойынша жоғары нәтижесі бағаланды.

Бұл компанияның «Парыз» конкурсынан жеңіп алған жалғыз құрметті марапаты емес. 2010 жылы компания «Ең үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша «Парыз» сыйлығының иегері атанған, ал 2011 ж. «Ең үздік ұжымдық келісім-шарт» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

   

2013 жылдың маңызды нәтижесі – «Қазақстан көшбасшысы – 2013» номинациясымен бірінші орынға ие болуы. Компания шаруашылық етуші субъектілерді жалпы мемлекеттік статистикалық саралау бойынша ҚР көшбасшы кәсіпорындарының ТОП-10 басқарды. Есепке үш номинация көрсеткіштері: «Активтер мен міндеттемелердің көрсеткіштері, «Пайдалылық көрсеткіштері», «Өтімділік көрсеткіштері» алынды.

Сонымен қатар 2013 ж. компания THE BIZZ 2013 бизнес-марапатына ие болды. Марапат төмендегі көрсеткіштер негізінде беріледі:

  • Бизнесті басқару
  • Басқару жүйесі
  • Тауарлардың және/немесе қызметтердің сапасы
  • Креативтілік және жаңашылдығы
  • Әлеуметтік жауапкершілігі
  • Аттестациялар, марапаттар және басқалар
     

2014 жылдың ерекше нәтижесі - "Парыз" Бас жүлдесі

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің "Парыз" конкурсы осы жылы алтыншы рет өткізіліп отыр. Конкурс Ел басының шешімі негізінде ұйымдастырылды. Конкурстың мақсаты – жеке кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру. Конкурс бірнеше номинациядан тұрады. «Қазгермұнай» БК ЖШС үш номинация бойынша лауреат атанды.
Компанияның әр жылдары әртүрлі номинациялармен алған «Парыз» конкурсының үш жүлдесі «Бас жүлде» алуға септігін тигізді: 2010 жыл - «Үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын» номинациясы бойынша «Парыз» конкурсының үшінші жүлдесі, 2011 жылы – «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Парыз», 2012 жылы «Экологияға қосқаны үшін» «Парыз» конкурсының жеңімпазы. Компания Қызылорда өңіріндегі осындай жетістікке қол жеткізген алғашқы кәсіпорын. Компанияның Бас директоры Медет Сәпиұлы Кәрім жүлдені Елбасы Нұрсұлтан Әбәшұлы Назарбаевтың қолынан қабылдап алды.

 


2015 жыл

«Қазгермұнай» БК» ЖШС ұлттық статистикалық саралау мәліметтеріне негізделіп өткізілетін, Қазақстан экономикасының көшбасшы кәсіпорындары "Сала көшбасшысы" (шикі мұнайды және ілеспе газды өндіру) Жалпы мемлекеттік республикалық рейтингтік марапаттау бағдарламасының қорытындысы бойынша алтын марапатқа ие болды.

 

 

 

 

 

 

2018 жыл

«Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жетекші көшбасшылық» тақырыбындағы ҚМГ ҰК компаниялар тобы (еншілес мекемелері) бас директорларының IV Форумы кезінде «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не еңбек қорғау саласындағы жұмыста жоғары нәтижеге қол жеткізуге баса назар аударғаны және үлес қосқаны үшін еңбек қорғау саласында жоғары жетістіктері үшін сертификат (II орын), сондай-ақ ҚМГ ҰК еншілес мекемелері арасында экологиялық жауапкершіліктің жоғары рейтингін тану белгісі ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғары жетістіктері үшін сертификат тапсырылды.

  

 

2019 жыл

«Қазгермұнай» БК ЖШС Шлюмберже компаниясы ұйымдастырған «Цифрлық кенорны» жобасы бойынша «Шлюмбержеде жасалған 2019» сайысында қола жүлдені жеңіп алды!

Аталған сайыс Шлюмберже компаниясының ішінде үздік жобаларды таңдау үшін ұйымдастырылған, сайыста Шлюмберже компаниясы мамандарының біріккен топтары мен клиенттерінің керемет техникалық сраптау деңгейі, топтық жұмысы, жаңашылдығы мен бизнес құнын көрсете білді.

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою