Әлеуметтік жауапкершілік

«Қазгермұнай» БК» ЖШС – өз әрекетінің басымдылығы ретінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көздеп отырған Қызылорда облысының жетекші мұнай-газ компанияларының бірі.
Компанияның әлеуметтік саясаты құрамдастарының бірі – Серіктестік пен Әкімшілік арасында жақсы дәстүр болып қалған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму туралы меморандумға қол қою.
Серіктестік, облыстың медициналық мекемелерін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтауға, орта, орташа арнайы және жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық жабдықтауға қаржылар сала отырып, аймақтың әлеуметтік сала дамуына қолдау көрсетуді жүзеге асырады, сонымен қатар мәдениет пен спорттың дамуына материалдық салымдарды жүзеге асыра отырып, қоғамның рухани және физикалық дамуы үшін қажетті экономикалық жағдайларды жасап жатыр.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС азаматтарды әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсету бойынша шаралар деңгейін уақытылы көтеру мақсатында қазақстандық қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің үнемі мониторингін жүргізеді. Серіктестік жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбасылар, батыр аналар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, олардың жесір әйелдері, мүгедектер, сонымен қатар тұрғындардың қорғалмаған топтарына қолдау көрсетумен айналысатын қоғамдық қорлар мен ұйымдарға көмек көрсетеді. Кәсіпорын облыс тұрғындарын республиканың ешбір жерінде жоқ төмен баға бойынша көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша бағдарламаны жүзеге асырады.
Серіктестік басшылығы өз жұмысшыларының әлеуметтік қорғау мәселесінің маңыздылығын әрқашан түсінеді және сондықтан еңбектегі жемістілікке қол жеткізу үшін қажетті шарт ретінде еңбек ұжымының лайықты жұмыс жағдайлары мен әлеуметтік қолдауын қамтамасыз етуді есептейді.
Серіктестік жұмысын еңбегіне лайық бағалауы компанияның 2010 жылы «Ең үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясындағы үшінші орын үшін алған «Парыз» сыйақысы болып табылады. 2011 жылы Компания «Парыз» республикалық конкурсының «Ең үздік ұжымдық келісімшарт» номинациясында лауреат атанды.

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою